ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Жаңа Конституцияда еркіндік пен жауапкершілік бір...

Жаңа Конституцияда еркіндік пен жауапкершілік бір арнаға тоғысады – журналист

Саясат 07.02.2026, 19:41 155
Жаңа Конституцияда еркіндік пен жауапкершілік бір арнаға тоғысады – журналист
t.me/consot_kz
Qazaqstan ұлттық арнасының тележүргізушісі, Конституциялық комиссия мүшесі Ерқанат Көпжасарұлы жаңа Конституция жобасындағы сөз еркіндігі туралы баптардың маңызы жөнінде пікір білдірді.

Qazaqstan ұлттық арнасының тележүргізушісі, Конституциялық комиссия мүшесі Ерқанат Көпжасарұлы жаңа Конституция жобасындағы сөз еркіндігі туралы баптардың маңызы жөнінде пікір білдірді.

Комиссия мүшесі Ата заң жобасындағы сөз бостандығы мен ғылыми-техникалық, көркем шығармашылық еркіндігіне қатысты баптарға тоқталды.

«Еркін ойсыз ел көсегесі көгермейді, ашық пікір алмасусыз алға баспайды. Жаңа жобада сөз бостандығын шектеуге қатысты норма жоқ. Басты мақсат – жауапкершілік жүгін күшейту, арандатушылық әрекеттердің алдын алу. Сондай-ақ, жобада ақпаратты еркін алу мен тарату құқығының айқын бекітілуі – өркениетке ұмтылған жұртқа лайық батыл қадам», – деді журналист Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысында.

Оның айтуынша, ақпаратқа қол жеткізу құқығының нақты тетіктермен бекітілуі баспасөздің демін ашып, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырады.

«Ең маңыздысы, еркіндік пен жауапкершіліктің бір арнаға тоғысуы. Адамның ар-намысы мен абыройын биік қою, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – еркіндікті желбуаздыққа айналдырмаудың, оны ел мүддесіне қызмет еткізудің парасатты қадамы. Мұндағы еркіндік – жүгенсіздік емес, мемлекеттік санаға негізделген жауапкершілік. Осы заңнамалық ұстаным пікір алуандығының тынысын ашып, салауатты сынның өрісін кеңейтеді. Ел бірлігіне сызат түсіретін жөнсіздікке тосқауыл қояды», – деп толықтырды Ерқанат Көпжасарұлы.

Сөз соңында ол ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер журналистиканың басты миссиясын – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір болуды, ақиқатты айна-қатесіз жеткізуді, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.