Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа жылды қалай қауіпсіз қарсы алуға болады?

Жаңа жылды қалай қауіпсіз қарсы алуға болады?

Әлеумет 31.12.2024, 14:25 685
Жаңа жылды қалай қауіпсіз қарсы алуға болады?
Сурет: ТЖМ

Жаңа жылдық іс-шараларға дайындық қызу жүріп жатыр. Еліміздің барлық тұрғындары мерекені қарсы алуға дайындалуда.

Мереке оқиғасыз өтуі үшін ТЖМ жаңа жылдық іс-шараларды дайындау және мерекелеу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды еске салады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізілетін үй-жайларда терезелерде торлар болмауы тиіс, эвакуациялық жолдар бос болуы керек.

Шыршаны берік тірекке орнату керек, ол бөлмеден шығуға кедергі келтірмеуі тиіс. Шыршаны жанғыш ойыншықтармен безендірмеңіздер.

Үй-жайда отшашуларды, петардаларды және басқа да өрт қауіпті әсерлерді пайдалануға қатаң жол берілмейді.

Пиротехниканы ғимараттардан, автотұрақтардан 50 метрден жақын, электр беру желілерінің, шатырлар мен ағаштардың астында іске қосуға жол берілмейді. Кәмелетке толмағандарға пиротехниканы өз бетінше пайдалануына тыйым салынады. Сондай-ақ салюттерді қолдан, балкондар мен лоджиялардан ұшыру қауіпті.

  Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды мамандандырылған павильондарда сатып алу қажет екендігіне назар аударамыз. Пиротехниканы, жарықтандыруды, электр гирляндаларын және әшекейлерді тиісті сертификаттың бар екеніне көз жеткізіп сатып алыңыз.

  Мереке күндері оқиғасыз өтуі үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар:

  - белгісіз өндірістің электр гирляндалары мен пиротехникасын сатып алмаңыздар;

  - қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, оны қатаң сақтаңыздар;

  - пиротехниканы қатты желде іске қосуға болмайды;

  - бір уақытта бірнеше жоғары қуатты құрылғыларды қосу арқылы электр желісін шамадан тыс жүктемеңіздер;

  - егер сіз үйден кетсеңіз немесе ұйықтауға жатсаңыз, гирляндтарды тоққа қосулы қалдырмаңыздар;

  - балаларға пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше іске қосуға рұқсат бермеңіздер;

  - балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа жыл #қауіпсіздік #ТЖМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.