Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа бас жоспарды әзірлеу тарихы тереңде жатыр -...

Жаңа бас жоспарды әзірлеу тарихы тереңде жатыр - Жанат Айтілеу

Әлеумет 25.01.2023, 06:29 1,187
Жаңа бас жоспарды әзірлеу тарихы тереңде жатыр  - Жанат Айтілеу
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жаңа бас жоспарды әзірлеуді бастау тарихына «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС бөлім басшысы Жанат Айтілеу тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оның айтуынша, жаңа бас жоспарды әзірлеу тарихы тереңде жатыр.


«Алматы қаласының бас жоспарын түзету» қала құрылысы жобасын әзірлеу 2014 жылы басталып, 2016 жылдың желтоқсанында аяқталды. Бас жоспарды түзетудің жобалық шешімдерін Мемлекеттік сараптаманың сараптау комиссиясы қарады да, комиссияның ескертулері бойынша өзгерістер енгізіліп, жиынтық қорытынды дайындалды. Алайда, ол кезде Алматы қаласын шағын сейсмикалық аудандарға бөлу картасы болған жоқ, осыған байланысты жоспарды одан әрі келісу және бекіту жұмыстары тоқтатылды.


Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының тапсырысы бойынша 2020 жылғы желтоқсанда Алматы қаласын шағын сейсмикалық аудандарға бөлу картасы бекітілгендіктен, қаланың бас жоспарын түзетуді жандандыру қолға алынды.


Қаланың бас жоспарын түзету бойынша қала құрылысын жобалау тәжірибесінде бұрын-соңды болмаған қоғамдық талқылау өткізілді: бес айдың ішінде 26 талқылау өткізілді, оған 120-дан астам адам қатысты, 510 ұсыныс пен ескертулер келіп түсті, талқылау қорытындысы бойынша 127 ұсыныс түзету материалдарына енгізілді.


Қаланың дамуын жоспарлауға қатысты шешімдер қабылдау көкжиегін ұзарту туралы ұсынысқа байланысты, атап айтқанда, қала әкімінің қаланың Бас жоспарын іске асырудың жобалық есептік мерзімін 2030 жылдан 2040 жылға ауыстыру туралы шешімімен кешенді қала құрылысы сараптамасын орындауды тоқтата тұру және Алматының жаңа бас жоспарын 2040 жылға дейін әзірлеу туралы шешім қабылданды. Бас жоспардың бұдан бұрын орындалған барлық бөлімдеріне өзгерістер енгізілді.


Бұл өзгерістер жаңа бас жоспардың негізін құрайды және қала тыныс-тіршілігінің барлық салаларындағы хал-ахуалды және тұрғындардың өтініштерін талдауға негізделген «Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалармен» тығыз байланысты.


Бас жоспардың негізгі мақсаты Алматының барлық аудандарында жайлы қалалық орта құру және өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бас жоспар #Талқылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.