ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Жаңа Алматы»: Наурызбай ауданының даму динамикасы

«Жаңа Алматы»: Наурызбай ауданының даму динамикасы

Әлеумет 05.11.2021, 07:07 1,697
«Жаңа Алматы»: Наурызбай ауданының даму динамикасы
ainews.kz
Алматы қаласының аумағы соңғы он жылда екі есеге, ал қала тұрғындарының саны үштен бірге артты. Бүгін «Жаңа Алматы» кешенді даму жоспарын жүзеге асыру қарқынын талқылау бойынша дөңгелек үстелде...

Алматы қаласының аумағы соңғы он жылда екі есеге, ал қала тұрғындарының саны үштен бірге артты. Бүгін «Жаңа Алматы» кешенді даму жоспарын жүзеге асыру қарқынын талқылау бойынша дөңгелек үстелде мегаполистің шалғай аудандары қалай дамып жатқанын талқылады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz. 
 
Дөңгелек үстел жұмысына қала басқармаларының және Алматы облысының жерлері қосылған соң аумақтары құрылған немесе кеңейтілген аудандар әкімдіктерінің басшылары қатысты. 
 
Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай ауданды дамытудың басым міндеттері үздіксіз сумен, электр энергиясымен және газбен қамтамасыз ету болып табылатынын хабарлады. 
 
Бүгінде Наурызбай ауданы 30% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Тағы 20% 36 ұңғымадан су алады. Халықтың қалған 50%-ы Қарағайлы, Құрамыс, Таусамалы, Таужолы, Тастыбұлақ, Ақжар, Қарғалы шағын аудандарын қамтитын Қарғалы және Ақсай өзендерінен ашық су тартудан суды пайдаланады. 
 
Су мәселесі туралы айта келе, С. Тоғай «Жаңа Алматыны» дамытудың Кешенді жоспары аясында орталықтандырылған сумен және су бұрумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 131,6 км су құбыры және 74,5 км кәріз құбыры салынғанын хабарлады. 2022-2023 жылдары тағы 74,5 км су құбыры мен 35,7 км кәріз құбырларын салуды аяқтау жоспарлануда.



«Ауданда Қарғалы өзенінде жаңа су дайындау станциясының құрылысы басталды, келесі жылы жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бүгінде «Қарғалы» тазарту станциясы тәулігіне 4 мың текше метр су өндіреді. Жобаны іске асырғаннан кейін өндірістік қуат тәулігіне 15 мың текше метрге дейін ұлғайтылады. Екінші «Ақсай» тазарту станциясы тәулігіне 22 мың текше метр су өндіреді», - деді С. Тоғай.



Тастыбұлақ, Құрамыс, Қарғалы, Таужолы және Жайлау шағын аудандарында инженерлік желілерді тарту жұмыстары толық көлемде аяқталды. 
 
Жағдайды жақсарту және аудан тұрғындарын коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 34 км кәріздік коллектордың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөніндегі шешім маңызды болды, Коллектор қолданыстағы үй құрылыстарынан және қосылған аумақтарда, сондай-ақ Алатау ауданының аумағынан қосымша салынып жатқан сарқынды суларды қабылдауға мүмкіндік береді. 
 
Аудан әкімі С. Тоғай 778 км газ желілерінің тартылғанын, тұрғындардың газбен 98% қамтылғанын айтты. 



«Өткен жылы әкімдіктің қолдауымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тұратын 46 үй газ  жүйесіне қосылған болатын. Бұл тәжірибе 2021 жылы да жалғасын тапты, тек меценаттар есебінен мұқтаж 20 отбасының үйлері газдандырылды», - деді С. Тоғай.



Қаланың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту бизнеске тиісті инженерлік инфрақұрылымы бар жер учаскелері берілетін индустриялық аймақты дамытумен тығыз байланысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.