ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа Алматы: 8 шағын аудан тұрғындары сапалы ауыз...

Жаңа Алматы: 8 шағын аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Әлеумет 12.08.2021, 18:09 1,393
Жаңа Алматы: 8 шағын аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі
almaty-akshamy.kz
2020 жылы 160 шақырым су құбыры және 140 шақырым кәріз желілерінің құрылысы аяқталды.


2020 жылы 160 шақырым су құбыры және 140 шақырым кәріз желілерінің құрылысы аяқталды.





Жаңа Алматыдағы 8 шағынауданның тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Қалаға жаңадан қосылған кенттердің сумен жабдықтау және су бұру мәселелерін шешу мақсатында қала әкімі Б. Сағынтаев қаланың жаңа шағынаудандарының инженерлік инфрақұрылымын дамытуды қамтитын «Жаңа Алматыны» дамытудың кешенді жоспарын қабылдап, оның іске асырылуын қолға алды. 



2020 жылы 160 шақырым су құбыры және 140 шақырым кәріз желілерінің құрылысы салынып аяқталды.  



Қазіргі уақытта ұзындығы 170 шақырым су құбыры және 140 шақырым кәріз желілерінің (Алғабас, Ақжар, Әйгерім-1,2, Боралдай, Құрамыс, Кемел, Қайрат, Көкшоқы, Көлсай, Каменское плато, төменгі Пятилетка, Теректі, Таусамалы, Таужолы, Жас Қанат, Шұғыла, Шапағат, Шаңырақ-1) құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда.



Алдағы айларда Думан, Ақбұлақ, Қайрат, Әлмерек, Нұршашқан, Өжет, Қарасу шағынаудандарында, Құрылысшы шағынауданының шығыс бөлігінде және Жетісу ауданының ондаған көшелерінде орналасқан бірнеше мың жеке аз қабатты үй құрылыстары жаңа су құбыры және кәріз желілеріне толығымен қосылмақ.


Желілермен қатар бір мезгілде су тарту құрылыстары да белсенді салынуда, ағымдағы жылдың соңына қарай қуаты тәулігіне 15 мың текше метр болатын «Қарғалы» су тарту құрылысының жұмыстары аяқталатын болады. Бұл жұмыстар 2020 жылы басталған. Аталған сүзгі станциясы Наурызбай ауданының Қарғалы, Қарағайлы, Таусамалы, Құрамыс, Тастыбұлақ шағынаудандарының 35,5 мың тұрғынын сумен жабдықтауға мүмкіндік береді.


Осы секілді Тастыбұлақ, Ақжар, Таужолы, Шұғыла шағынаудандарының 40 мыңнан астам тұрғындарын сумен жабдықтауға мүмкіндік беретін өткізу қуаты тәулігіне 22 мың текше метр құрылысты Ақсай өзенінде де салу жоспарлануда.



Бостандық ауданының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі 22 мың тұрғынды сумен жабдықтау үшін (Ерменсай, Нұрлытау, Нұралатау, Ремизовка шағынаудандары кіреді) қуаты тәулігіне 9 мың текше метр болатын «Ерменсай» су  тартқышының жобалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Медеу ауданының оңтүстік бөлігіндегі тұрғындардың мұқтаждығы үшін сорғы станциялары, таза су резервуарлары, жаңа су тарту ұңғымаларын қамтитын құрылыстар кешенін салу жоспарланып отыр.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.