ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа әкімшілік кодекс: Алты қаланың әкіміне айыппұ...

Жаңа әкімшілік кодекс: Алты қаланың әкіміне айыппұл салынған

Әлеумет 05.11.2021, 09:18 1,130
Жаңа әкімшілік кодекс: Алты қаланың әкіміне айыппұл салынған
Inform.kz
1 шілдеден бері әкімшілік әділет соттары әкімдіктерге 58 ақшалай айыппұл салды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин айтып берді, деп...

1 шілдеден бері әкімшілік әділет соттары әкімдіктерге 58 ақшалай айыппұл салды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


2021 жылы 1 шілдеде қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте сот жүйесіне бірқатар жаңашылдық енгізілген еді.



«Әкімшілік процестегі маңызды институт – ақшалай өндіріп алу болып отыр. Бұл – бұрынғы заңнамада болмаған жаңа құрал. Әкімшілік кодекс енгізілгенге дейін соттар істі қарау барысында құқықбұзушыларға тек ескерту ғана жасай алатын. Енді судьяның қолында ақшалай өндіріп алу сияқты құрал бар. Бұл құрал процеске қатысушыларды, оның ішінде мемлекеттік органдарды да тәртіпке келтіруге ықпал етеді», - деді Қанат Мусин



Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, төрт айдың ішінде судьялар 175 ақшалай айыппұл салған. Жалпы айыппұл көлемі 6 млн теңгені құраса, оның шамамен 5 млн теңгесі бюджетке түсіп үлгерді.



«Ақшалай өндіріп алу туралы сот шешіміне шағымдануға болады, бірақ алдымен бұл айыппұл төленуі керек. Сондықтан қазір жауапкерлер мен мемлекеттік органдар анағұрлым тәртіпті бола бастады. Өйткені ақшалай өндіріп алу сомасы 10 АЕК-тен басталып, 100 АЕК-ке дейін жетеді. Бұл айтарлықтай қомақты ақша», - дейді Қанат Мусин.



Сонымен бірге, спикер ақшалай өндіріп алу жауапкершілігі кімдерге салынғанын айтып берді.



«140 ақшалай айыппұл жауапкердің тарапына салынды. Әдетте, бұл әкімшілік органдар немесе жеке сот орындаушылары. Мысалы, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне жалпы 97 ақшалай жаза қолданылды. Оның ішінде министрліктердің бірінің комитет төрағасы, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, полиция департаментінің басшысы және т.б. сияқты шенеуніктер бар. Яғни, мұнда қарапайым қызметкер жоқ. Әкімдік қызметкерлеріне 58 ақшалай айыппұл салынды, оның ішінде 6 қала әкімі, бес аудан әкімі және үш аппарат басшысы бар», - деді Қанат Мусин.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.