AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет /  «Жан әке»

 «Жан әке»

Мәдениет 11.01.2023, 05:18 2,400 Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ
 «Жан әке»
almaty-akshamy.kz

Қазағым, қайда барасың?


М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрында жазушы-драматург Ф.Зеллердің «Жан әке» атты  драмасының премьерасы өтті.  Аталмыш спектакль қарапайым отбасының қиындыққа толы өмірін шебер көрсетеді. Көрнекті француз жазушысы Флориан Зеллер шығармасы негізімен қазақ сахнасына лайықталып жазылған пьеса көпшіліктің көңілінен шықты.



«Театрға келуді отбасымызбен жақсы көреміз. Міне, театрдың жаңа қойылымын тамашалау бақыты бізге де бұйырыпты. Спектакль екі күн қатарынан аншлагпен өтті. Бұл дегеніміз, бекзат өнерге қызығатын жандардың көбейіп келе жатқанын білдіреді. Бұны көріп, біз де қуанып жатырмыз. Қойылым әр жастағы көрермендерге ой салып, отбасылық құндылықтарды әспеттеуге шақырады. Спектакльден көзімізге жас алып, ата-ананың қадірін ұғынып қайттық. Актерлік құрам мен театр ұжымына ерекше алғысымызды айтамыз», – дейді Айдана Бейсен есімді көрермен.



Спектакльдің басты кейіпкері –  Ақсақал. Өмірдің қызығы мен қиындығын бірге өткерген аяулы жары Әппақ бақилық болады. Тағы бір қайғысы – шетелдікке тұрмысқа шығып кеткен кенже қызы. Жасы келіп, күш-қуат азайып, жады тозған әкені өзінше өбектейтін үлкен қызы Айжан ғана қасында қалады. Бірақ еңбегі, бір есептен, зая, себебі, әкесін «естімейді». Десе де, әкесіне медеу болып, өз өмірлерін жақсартуға бар күшін салады. Алайда, Айжан мен әкесі өмірдің барлық ауыртпалығын арқалап, қиындықтарға мойынсұнбай, жеңіп шығуға тырысады. Ал жады тозды демесеңіз, рухы мықты, ақыл-ойы орнында, қыздарының тағдырын, ұлттық ұстындардан ажырай бастаған ұрпақты, қазағының болашағын ойлайтын Ақсақалдың жаны жалғыз, мейірімге шөлдеулі...



Психологиялық тұрғыдан күрделі қойылымда шын өмір мен бас кейіпкер қиялындағының аражігін ажырату оңай емес, сіз бен біз күтпеген интригалар да жеткілікті. Әртүрлі жағдайларда ойналатын диалогтарда қарама-қайшы көзқарастар шиеленісе түседі.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тетар #Қойылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);