AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жамбылдағы жарылыс: Өрт сөндіруші оқиғаның қалай б...

Жамбылдағы жарылыс: Өрт сөндіруші оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Әлеумет 29.08.2021, 16:34 1,583
Жамбылдағы жарылыс: Өрт сөндіруші оқиғаның қалай болғанын айтып берді
сурет: Strategy2050.kz

Журналистер Байзақ ауданындағы жарылыстан зардап шеккен әскери қызметшілердің жағдайы туралы білді.


Тараз қалалық №1 көпбейінді ауруханасында емделіп жатқан Байзақ ауданы №8 өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы Расул Мұхамеджанов 26 тамыз күні оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.



Байзақ ауданына Королевка ауылындағы әскери бөлімшеде қойма өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жауынгерлік кезекшілікте қарауыл бастығы болғаннан кейін өзім, жүргізуші және бір өрт сөндірушімен бірге ең бірінші болып барған едік. Алдымен барлау жұмысын жүргіземіз. Сол себепті аға лейтенант не майордан жарылатын заттардың бар-жоғын сұрадық. Ол жарылатын зат жоқ екенін айтты. Өздеріңіз де видеодан көрген шығарсыздар?! Мен олардың (әскери бөлімнің – Baq.kz) бір өрт сөндірушісімен бірге қара түтінге су шаштық. Кейін қайтадан «жарылғыш зат бар ма?» деп сұрадым. Ол «жоқ» деп жауап берді. Кейін тағы су бердік, - деді Расул Мұхамеджанов.



Ол автокөліктегі су біткеннен кейін артқа қарай шегінгенде №4 өрт сөндіру бөлімінің екі көлігі келгенін айтты. Өрт сөндірушілер көп көлемде тағы су берген. Оның көмегі тимей, кішігірім жарылыс пайда болғанда артқа қарай қашқан.



Автокөліктер суға кетті. Осы екі ортада әскери бөлімнің танкісін суға толтырып, өртті сөндіріп көрді. Одан да ешқандай нәтиже болмады. Сосын артқа шегініп, басқа команданы күттік. Көліктер су алып келгеннен кейін бәріміз жан-жағынан сөндіретін болдық. Мен артқа қарай бара жатқанда бірінші жарылыс болды. Бір талдың астына барып жатып, есімнен танып қалдым. Түнгі 12 мен 1-дің шамасында мені әскерилер тауып, алып кетті, - деп айтып берді өрт сөндіруші.



Расул Мұхамеджанов өрт сөндіру саласында 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді. 2014 жылға дейін өрт сөндіруші болып істеген. Қазіргі күні қарауыл қызметінде.


Еске сала кетейік, бүгінгі күні жарылыстан зардап шеккен 28 науқас ауруханада емделіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жамбылдағы жарылыс #Байзақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);