AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Жалынмен күрескен жауынгер

Жалынмен күрескен жауынгер

Оқиға 18.08.2022, 04:36 1,281
Жалынмен күрескен жауынгер
Inform.kz

Алматы облысында Ұлттық ұлан сарбазы жарылыстың алдын алды




Қоғамдық тамақтану орнынан қою түтін будақтап жатқанын байқаған әскери қызметші жарылыстың алдын алу үшін, газ балондары мен тез тұтанатын заттарды сыртқа шығарып, өрт сөндірушілер келгенше жалынмен жалғыз күресті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оқиға 13 тамызда Алматы облысындағы Қаракемер ауылынан бірнеше шақырым жерде болған. Алайда, әскери қызметшінің бұл ерлігі жуырда ғана кафе иелерінің атынан бөлімге жеткен алғыс хат арқылы белгілі болды.


Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің қызметшісі, подполковник Бақыт Ташкенбаев отбасымен Есік елді мекеніне бара жатқанда жол бойындағы кафеден шыққан қалың түтінді байқайды. Офицер тоқтай қалып, бірден көмекке жүгіреді.



«Кафеде тек әйел адамдар ғана болды. Ең алдымен, түтіндеп жатқан ас үйге жүгірдім. Екі газ балонын далаға шығардым. Осыдан кейін әйелдер өрт екінші қабатқа өтеді деп айқайлады. Салтанат залы екен. Жиһазды шығардым, ғимараттың төбесіне оттың өтуіне жол бермеу үшін перделерді жұлып ала бастадым», - дейді Бақыт Ташкенбаев.



Ұлттық ұланның әскери қызметшісі құтқарушылар жеткенге дейін өртті алғашқы сөндіру құралдарымен өз бетінше өшіріп, эвакуациялық өткелдерді бөгде заттардан босатады. Өрт сөндіру командасы жеткеннен кейін де батылдығы мен кәсібилігін көрсетіп, көмегін жалғастырады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық #Ұлан #сарбаз #ерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);