AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Жалғызбасты әйелдер де «эко» арқылы бала сүйе алад...

Жалғызбасты әйелдер де «эко» арқылы бала сүйе алады

Медицина 10.11.2021, 12:45 2,085
Жалғызбасты әйелдер де «эко» арқылы бала сүйе алады
Сурет: Sjdhospitalbarcelona.org

«Экоға» қатысушылардың жас шектеуіне қатысты өзгерістер аталды


Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді қалалық ауруханасы отбасын жоспарлау орталығының гинеколог-эндокринологы Айгүл Мұсабаева «экоға» қатысушылардың жас шектеуіне қатысты өзгерістерді атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша бала сүюге кімнің мүмкіндігі бар? Бұл бағдарлама бойынша жасанды жолмен ұрықтандыру әдісін бала сүюге үмітті, репродуктивті жастағы кез келген жұп пайдалана алады. Консервативті жолмен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диганозы қойылған пациенттерге арналған.


«Экоға» отбасылық жұптар да, жалғызбасты әйелдер де қатыса алады. Қазақстан азаматы болу және пациенттердің міндетті медициналық сақтандыруы болу керек», - деген маман медициналық сақтандыру жүйесінде «экоға» қатысушылар қандай критериймен іріктелетінін айтты.



«Ең бірінші репродуктивті жастағы пациенттер, ерлер факторына байланысты бедеулік, әйелдің жатыр түтікшелерінің екеуі де бітелген жағдайда немесе отамен алынған кезде хирургиялық гистероскопия, лапароскопия, ем-шара нәтижесі болмаған кезде «экоға» жүгіне алады. Гормоналды емдеу нәтижесіз болған бедеулік түрі де «экоға» жатады. Жоғары технологиялардың бәрін пайдаланса да, бір жылдан аса бала көтере алмаудың белгісіз генезі де «эко» жасатуға негіз болады. Жамбас мүшелерінің эндометриозына байланысты бедеулік те «экоға» жатады», - деді гинеколог-эндокринологы.



Маманның мәліметі бойынша, экоұрықтандыруға қатысатын әйелдердің жасына қатысты шектеу алынған.



«Денсаулық сақтау министрлігінің №272 бұйрығы бойынша квота беру мүмкіндігі кеңейді. Бұрын үміткерлердің жасы 42 жасқа дейін шектеулі болған. Жаңа бұйрық бойынша әйел репродуктивті жаста болуы керек. Осы аталған көрсеткіштер бұрынғы бұйрықта болмаған. Сондықтан бұл «экоға» үміткерлердің санын арттырады», - деді Айгүл Мұсабаева.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#эко #бала сүю #жасанды жолмен ұрықтандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);