Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жайық ағады, жұлқылай соғып жағаны...

Жайық ағады, жұлқылай соғып жағаны...

Әлеумет 16.04.2024, 05:35 1,039
Жайық ағады, жұлқылай соғып жағаны...
gov.kz

Батыс Қазақстан облысында тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, Оралда «Батыс су арнасы» ЖШС, «Жайықжылуэнерго» АҚ нысандары мен сорғылау стансасында су тасқынына қарсы жұмыстар ұйымдастырылды.



Орал қаласында сумен жабдықтау жұмысы 2  түрлі көзден жүзеге асырылады: жер асты сулары мен Жайық өзені арқылы. Қаланың 340 мың халқын сумен қамтамасыз ететін «Батыс су арнасы» коммуналды кәсіпорны қазір қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Мәселен, қажетті су мен оны тазалауға арналған реагенттер қоры жеткілікті деңгейде. Апатқа қарсы бригадалар, кәсіпорынның 820 қызметкері мен 82 арнайы техника дайын тұр.



«Жайық өзені бойындағы стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау үшін бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындарын сумен қамтамасыз ету жұмыстары алдын ала қолға алынған. Су таситын арнайы көлік қарастырылған», — деді «Батыс су арнасының» бас инженері Аян Тасқали.




«Жайықжылуэнергосына» 248 шақырымнан астам қалалық жылу жүйесі қарайды. Аталған нысандардың аумағында, оның ішінде  аса қауіпті учаскелерде су тасқынына қарсы жұмыс аясында құм-қиыршық тас қоспасымен толтыру амалдары күшейтілді. Тиісті жұмыстарған 180 адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылып отыр.


Тұтастай алғанда, Батыс Қазақстанда барлығы 20 мың шақырымнан астам электр желісі бар. Айталық, төрт ауданда 20-дан астам, сондай-ақ Орал қаласында 16 қосалқы станса жұмыс істеп тұр. Олар қырда орналасқандықтан су басу қаупі жоқ. Бұған қоса превентивті амалдар қолға алынып, шаһардағы екі қосалқы стансада қап төсеу, қорғаныс үйіндісін орнату жұмыстары қарқын алды. Сонымен бірге апатқа қарсы бригадалар, 1400 қызметкер мен 140 арнайы техника дайын тұр. 


Осы ретте Жайық өзенінде орналасқан сорғы стансасын қорғау шаралары да қабылданғанын айта кетейік.



«Жайық өзенінің жағасында «Жайықжылуэнерго» мекемесін сумен, сондай-ақ қала халқын ауыз сумен қамтамасыз ететін сорғы стансасы бар. Одан күнделікті шамамен 60 мың текше метр су аламыз. Бұл стратегиялық нысан болып саналады. Сондықтан оның айналасына қап төсеп жатырмыз», — деді Энергетика және ТКШ басқармасы басшысы Мирас Мүлкәй.




Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан өңірінде алдағы су тасқынына дайындық аясында қажетті күш жұмылдырылды. Өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 6,3 мыңнан астам адам және 1,5 мың техника тартылып отыр. Тұрғын үй алаптарын нығайту бойынша шаралар қабылдануда.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Орал #жайық #тасқын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.