AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жайлы қалалық орта мен экологияны дамыту: Алматы Б...

Жайлы қалалық орта мен экологияны дамыту: Алматы Бейжіңнің озық тәжірибесін қолданады

Әлеумет 19.02.2025, 09:07 1,203 Bakyt
Жайлы қалалық орта мен экологияны дамыту: Алматы Бейжіңнің озық тәжірибесін қолданады
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚХР-на жұмыс сапары аясында Бейжің мэрі Инь Юнмен кездесті. Келіссөз барысында тараптар қалалар арасындағы екіжақты серіктестікті нығайту мүмкіндігін талқылады. Әсіресе, көлік инфрақұрылымын дамыту, экологиялық ахуалды жақсарту және жайлы қалалық орта қалыптастыру мәселесіне баса назар аударылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Келіссөздегі басты түйткілдің бірі қалалардың экологиялық жағдайы еді. Инь Юнның айтуынша, соңғы 20 жылда Бейжің атмосфераға зиянды шығарындылар деңгейін айтарлықтай төмендетуге қол жеткізген. Бұл жүйелі экологиялық саясаттың, ғылыми тәсілдің және технологиялық инновацияның жемісі. Ластану деңгейін төмендету 2016 жылы қабылданған Бейжіңнің Бас жоспары негізінде қолға алынған. Бұл жоспар аясында метро жүйесін кеңейту, экологиялық таза көлік түрлеріне бағытталған ыңғайлы көлік жүйесін дамыту және төмен шығарындылар аймақтарын (LEZ) құру көзделген, бұл экологиялық талаптарға сай келмейтін көлік құралдарының қозғалысын шектейді.

Бейжің мэрімен әңгіме барысында Ерболат Досаев қазіргі уақытта Алматыда да атмосфералық ауаны қорғау, нүктелі құрылысқа жол бермеу, қаланың көлік қаңқасын қалыптастыру және жылдам рельсті әрі қоғамдық көлікті дамыту бойынша шаралар қабылданып жатқанын жеткізді. Алматы әкімі 2023 жылдың мамыр айында Алматының жаңа Бас жоспары қабылданғанын, оның соңғы 20 жылдан астам уақыт бойы қайта қаралмағанын хабарлады. Бұл жоспардың негізінде тарихи орталыққа жүктемені азайтуға бағытталған полиорталықты даму қағидаты жатыр. Мұндай шаралар қалалық ортаны теңгерімді дамытуға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға уағдаласып, Алматы мен Бейжің арасындағы серіктестіктің дамуы Қазақстан мен Қытайдың екі қаласының экономикалық өсуі мен тұрақты дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бейжің #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);