AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Жайлы мектеп» шеңберінде Жетісу ауданында жаңа м...

«Жайлы мектеп» шеңберінде Жетісу ауданында жаңа мектеп салынады

Білім және ғылым 25.05.2023, 03:43 1,724
«Жайлы мектеп»  шеңберінде Жетісу ауданында жаңа мектеп салынады
Сурет: El.kz

Жетісу ауданының мектептеріндегі оқушы орындарының тапшылығына қатысты жағдай салыстырмалы түрде қолайлы


Бүгінгі таңда тапшылық шамамен 3000 орынды құрайды.


Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Халық санының өсуі мен аудандағы тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, біз биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде Боралдай көшесінде 1200 орындық бір жаңа мектептің құрылысын  бастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ 148, 103 және 112 мектептерге 750 орындық қосымша құрылыс салу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев. 



148-ші мектепке 300 орындық қосымша ғимараттың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 2023 жылдың III тоқсанында аяқтау жоспарлануда.


103-ші мектепке 200 орындық (мердігер - Global Construction) және 112-ші мектепке 250 орындық қосымша ғимараттардың құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша (мердігер - Sheber Building) мердігер ұйымдар анықталды. Осы екі мектеп бойынша құрылыс жұмыстарын биыл маусым айында бастап, 2024 жылдың I тоқсанында аяқтау жоспарлануда.


Бұнымен қатар биыл маусым айында Айнабұлақ шағын ауданындағы 160 орындық балабақшаның құрылысы аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жайлы мектеп #Жаңа мектеп #Орын тапшылығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);