ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Жаһандық индекстер туралы

Жаһандық индекстер туралы

Саясат 28.08.2023, 05:13 1,200
Жаһандық индекстер туралы
Сурет: ашық дереккөз
Арасында жаһандық индекстер туралы жазып тұрсам деймін. Өйткені, индекстер әр саладағы динамиканы, әлеуметтік-экономикалық тенденцияны көрсетіп отырады. Соның ішінен Қазақстан туралы деректерді де...

Арасында жаһандық индекстер туралы жазып тұрсам деймін. Өйткені, индекстер әр саладағы динамиканы, әлеуметтік-экономикалық тенденцияны көрсетіп отырады. Соның ішінен Қазақстан туралы деректерді де көреміз.




Institute for Economics & Peace (Экономика және бейбітшілік институты) жыл сайын Global Peace Index зерттеуін жариялап келеді. Яғни, жаһандағы бейбітшілік туралы. Индекс биыл 17-ші рет жарияланып отыр. 163 мемлекет қамтылып, 23 көрсеткіш бойынша бағаланған. 163 мемлекет дегеніңіз әлем халқының 99,7%-ы. Бейбітшілік деңгейін зерттеуде әр елдегі қоғамдық қауіпсіздік; ішкі және халықаралық қақтығыс; милитаризация деңгейіне назар аударылады.




Тоғызыншы жыл қатарынан бейбітшілік деңгейі төмендеп келеді. Биылғы көрсеткіш бойынша әлем елдеріндегі бейбітшіліктің орташа деңгейі 0,42 пайызға төмендеген. Өткен жылы 84 мемлекетте ол жақсарса, 79 елде нашарлаған.




Зерттеуде Еуропа – әлемдегі ең бейбіт аймақ делінген. Ең бейбіт он елдің жетеуі кәрі құрлықта тұр. Бірақ бүгінгі Еуропаның күйі 15 жыл бұрынғыдай емес. Исландия 2008 жылдан бері әлемдегі ең бейбіт ел дәрежесін сақтап келеді. Оның қатарында Дания, Ирландия, Жаңа Зеландия және Австрия да бар.




Соңғы онжылдықтарда қақтығыс ошағына айналған Ливия, Кот-д'Ивуар мен Ауғанстан бейбітшілікке көшкен бес елдің қатарына кірді.


Ал, Ресей-Украина конфликтісі – жер дүниедегі бейбітшіліктің бұзылуына тікелей әсер етіп отырған фактор. Гаити, Мали және Израиль де бейбітшілік жағдайы нашар елдің қатарында тұр.



113 елде әскери қызметші саны азайған, әскери шығындардың орташа деңгейі ЖІӨ-нің 2,04-тен 1,95 пайызға дейін төмендеген. Дегенмен, әскери шығынның абсолютті деңгейі өсіп,  2008 жылдан бері ол Қытайда 180 миллиард, АҚШ-та 70 миллиард, Индияда 40 миллиард АҚШ долларына дейін жетті.




Соңғы жылдары әскери мақсатта дрондарды қолдану жиілеген. 2018-2022 жылдары дронды қолданатын жеке топтардың саны 2 есе, дронның “қара басының” саны 3 есеге жуық өскен.




Қақтығыс пен зорлық-зомбылық экономикаға қалай әсер етеді?  2022 жылы оның әсері 17,5 трлн АҚШ долларды құрады, бұл әлемдік ЖІӨ-нің 12,9%-на немесе бір адамға шаққанда 2200 АҚШ долларына тең болып шығады екен. Зерттеуге сәйкес, Украинадағы соғыстың экономикалық салдары 479 пайызға немесе 449 миллиард АҚШ долларға жеткен. Бұл – бүкіл жер-жаһандағы шығынның ең үлкені, экономиканы есеңгіреткен ауыр соққы.




Институт Тайван блокадаға түскен жағдайда әлем экономикасы қандай күй кешетінін де зерттеп көрген. Құрлықтағы Қытай Тайванды “бұғаттаса” алғашқы жылы әлемдік экономикалық өндіріс көлемі 2,7 триллион долларға төмендейді. Бұндай жағдайда Қытай экономикасы 7 пайызға, ал Тайван экономикасы шамамен 40 пайызға қысқарады. Блокада халықаралық компьютер мен электроника саудасын есеңгіретіп тастайды. Белең алып бара жатқан геосаяси бәсеке мен саяси тұрақсыздық бейбітшіліктің ахуалын одан ары нашарлатуы ықтимал.



Жаһандағы бейбітшіліктің беталысынан түйіп алған тұстарым осы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,983 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.