AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жабық трассаға шыққандар жазаланады

Жабық трассаға шыққандар жазаланады

Заң мен тəртіп 18.12.2025, 09:58 603 yakiya
Жабық трассаға шыққандар жазаланады
Сурет: rostov.kp.ru

Жол жабық болғанына қарамастан қозғалған жүргізуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына сәйкес жауапқа тартылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл бап «Құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау» деп аталады. Жаза ретінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (2025 жылы – 78 640 теңге, 2026 жылы – 86 500 теңге) немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Сонымен қатар, көлік құралын жолдың жүру бөлігіне дұрыс орналастырмау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қауіпті маневр жасау, ұйымдастырылған көлік колоннасын бөлу немесе көліктердің арасына кіріп кету тәрізді әрекеттер үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (2025 жылы – 58 980 теңге, 2026 жылы – 64 875 теңге).

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар екі жол учаскесінде жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:

«Өскемен – Риддер» автожолы, 15–105 шақырым (Белоусовка елді мекені – Риддер қаласы аралығы);
«Өскемен – Шемонаиха» автожолы, 1104–1191 шақырым (Глубокое ауылына бұрылыс – Шемонаиха қаласы аралығы).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазавтожол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);