ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Ж. Бекшин: Жаңа «дельта» нұсқасы аса жұқпалы және...

Ж. Бекшин: Жаңа «дельта» нұсқасы аса жұқпалы және оның клиникалық сипаты ауыр

Жақыныңа жанашыр бол! 12.07.2021, 15:00 3,227
Ж. Бекшин:  Жаңа «дельта» нұсқасы аса жұқпалы және оның клиникалық сипаты ауыр
almaty-akshamy.kz
Алматыда КВИ ауруының таралуы жалғасуда. Эпидемиологиялық жағдай "дельта" штамымен байланысты. Бүгінгі күні 60 мың адам "дельта" штамын жұқтырған.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Алматыда КВИ ауруының таралуы жалғасуда. Эпидемиологиялық жағдай "дельта" штамымен байланысты. Бүгінгі күні 60 мың адам "дельта" штамын жұқтырған.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. 


Ж. Бекшиннің айтуынша, өткен тәулікте Алматыда қауіпті індетті жұқтырған 638 жаңа жағдай тіркелді. Бұл – биылғы жаздағы антирекорд. Маусым айының соңғы күндері ауруға шалдыққан 600 жағдай анықталды. Бұл коронавирустың "үнді" штамының таралуымен байланысты. 



"Жыл басынан бері қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 мыңнан астам жағдай тіркелді. Шілде айының басынан бері 4 610 адам қауіпті індетке шалдыққан. Ал өткен аптада 3 085 жағдай тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,4 есе артық", –деді Алматының бас санитарлық дәрігері. 



Ж. Бекшин жаңа "дельта" нұсқасы аса жұқпалы және оның клиникалық сипаты ауыр екенін айтты. 



"Өздеріңіз білетіндей, кезекті зерттеулерде "дельта" коронавирусының айналымдағы нұсқалары 78-80% басым дәрежеде, "альфа" ("британдық") 16%, СOVID-19 ("ухань") 3% құрайды. 



Өткен 7 күнде "симптомдық" науқастардың үлес салмағы 2 есеге, яғни 53%-дан 88%-ға дейін өсті. "Симптомдардың" үлесінің артуы ауыр клиникалық көріністерді тудыратын “дельта” патогендік нұсқасының таралуымен байланысты. 


Ж. Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалға жүргізілген мониторинг қорытындылары туралы айтты. Талдау нәтижесінде, соңғы екі аптада балалар мен жастар вирус жұқтырған. 14 жасқа дейінгі балалардың 13%-ы инфекция жұқтыруға бейім. 



“Ең үлкен алаңдаушылық - 20 жастан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында сырқаттанушылықтың өсуі 3,4%-ға ұлғайып, осы жылы ең жоғары деңгейге жетті (39%). Сондай-ақ 40 пен 59 жас аралығында 25% деңгейді құрайды, яғни әрбір 4-ші адам жұқтырған", – деді Ж.Бекшин. 



Осы деректермен қатар, 60 жастан асқан адамдар арасында жұқтырудың үлес салмағы олардың иммундау және екпе алу нәтижесінде 1,6%-ға төмендегені байқалады. 


Алматының бас санитарлық дәрігері коронавирустың жаңа штамының тез таралатынын әрі қала тұрғындарының денсаулығы үшін қауіпті екенін ескертті. 


Сондай-ақ Ж. Бекшин бетперде режимін сақтауды әрі оны жиі ауыстыру қажет екендігін ескертті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.