ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Іздеу жұмыстары аяқталды: Сирия көмек алу үшін екі...

Іздеу жұмыстары аяқталды: Сирия көмек алу үшін екі өткізу пунктін ашады

Әлем 15.02.2023, 04:56 920
Іздеу жұмыстары аяқталды: Сирия көмек алу үшін екі өткізу пунктін ашады
Сурет: ашық дереккөз
Елде жұмыс істеген ресейлік құтқарушылар үйлеріне қайтты.

Елде жұмыс істеген ресейлік құтқарушылар үйлеріне қайтты.


Сирия Президенті жер сілкінісі құрбандарына гуманитарлық көмек жеткізу үшін Түркия шекарасында және елдің көтерілісшілер бақылауындағы солтүстік-батыс аудандарында тағы екі өткізу пунктін ашуға келісті. Бұл туралы Башар Асад Дамаскідегі кездесу барысында БҰҰ Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі Мартин Гриффитске мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.


Шекара бекеттері үш ай жұмыс істейді. Ал Идлибке келетін болсақ, ол Сирия режимінің қарсыластарының заставасы, БҰҰ оған тек бір өткізу пункті арқылы кіруге рұқсат алды, бұл көмек жеткізуді қиындатады.


Сирия жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару жұмыстарының аяқталғанын жариялады. Онда жұмыс істеген ресейлік құтқарушылар үйлеріне қайтты.


Тірі адамдарды табу мүмкіндігі нөлге тең болғандықтан, түрік және Сирия билігінің басымдығы баспанасынан айырылған жүздеген мың адамға көмектесу болып отыр.


Түрік Үкіметінің мәліметі бойынша, студенттік жатақханаларға шамамен 1,2 миллион адам орналастырылды, 206 000-нан астам шатыр орнатылды және қираған аудандардан 400 000 адам эвакуацияланды. Түркия вице-президенті Фуат Октайдың айтуынша, құлаған ғимараттарда 574 бала ата-анасынан айырылған.


Соңғы мәліметтерге сәйкес, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының ресми саны 37 мыңнан асқан. Сирияның Денсаулық сақтау министрі Хасан Мұхаммед әл-Хабаш Сирия үкіметінің бақылауындағы аумақтарда қаза тапқандар саны 1 мың 414-ке жетті, ал зардап еккендердің саны 2 мың 357 адам деп мәлімдеді.


Айта кетейік, Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберуді зілзала болған алғашқы күндері қолға алған. Гуманитарлық көмектің үшінші ұшағы дүйсенбі күні кешке Алеппо әуежайына жетті. Жеткізілген қажетті заттардың ішінде консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,438 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.