Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Иттен қауіп: биыл 32 мыңнан астам адамды ит қауып...

Иттен қауіп: биыл 32 мыңнан астам адамды ит қауып алған

Әлеумет 21.11.2024, 14:40 976
Иттен қауіп: биыл 32 мыңнан астам адамды ит қауып алған
Сурет: freegr / Pixabay

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова айтты.

Құтыру – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын вирустық ауру. Адамдардағы құтырма ауруының 99 пайызы иттер арқылы жұғады. Құтыру ауруының құрбандары көбіне 5 жастан 14 жасқа дейінгі балалар. Клиникалық симптомдар сатысында құтыру ауруының өлімі – 100 пайыз, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

"Биыл республика бойынша адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ. Бірақ 2019-2022 жылдар аралығында құтырма ауруынан 6 жағдай тіркелді. Оның ішінде 3 бала ауырған. Құтырма ауруына жануарлардың қауып алғаны себеп болған. Барлық жағдайда науқастар медициналық көмекке симптомдар пайда болғаннан кейін ғана жүгінген. Барлық науқас құтырма ауруынан қайтыс болды", - деді Зауре Ахметова.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары жыл сайын республика бойынша 50 мыңнан астам адам жануарлардың тістеп алғанынан медициналық көмекке жүгінетінін айтты. Оның 99 пайызы профилактикалық вакцинация алады, ал 1 пайызы одан бас тартады.

2024 жылы 10 айда медициналық көмекке жүгінген адамдар саны – 44 266. Оның ішінде 32 345 адамды ит қауып алған. Медициналық көмекке жүгінгендер арасында 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 17 078, - деп айтты ол.

Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ит #қауіп #қабу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.