AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Италияда жауған бұршақтан 110 адам жарақаттанды

Италияда жауған бұршақтан 110 адам жарақаттанды

Әлем 21.07.2023, 06:10 1,307
Италияда жауған бұршақтан 110 адам жарақаттанды
Сурет: Inform.kz

Италияның солтүстік-шығысындағы Венето өңірінде көлемі теннис добындай бұршақ жауды.


Оның салдарынан 110 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Венето губернаторы Лука Зайя зардап шеккендер бұршақтан немесе сынған терезелерден жарақат алғанын мәлімдеді.



«Мен құтқарушылар мен техникалық қызметкерлерге рахмет айтамын. Олар жағдайды тұрақтандыру және зақымды бағалау жұмысын жалғастырып жатыр, - деп атап өтті Зайя. - Бұршақ ерекше болды, аспаннан диаметрі 10 сантиметрлік мұз тастар жауды».



Губернатор өңірде төтенше жағдай жариялады.


Төтенше жағдайлар қызметі мүліктің зақымдануы мен дене жарақатына байланысты 500-ден астам адамға көмек көрсеткен, деп хабарлады Венето аймақтық азаматтық қорғаныс қызметі.


Жұмысшылар қолайсыз ауа райында сынған терезелердің әйнегін жинап, зақымдалған ағаштарды кесті.


Биыл Еуропада ауа райы қатты құбылып тұр.


Италия, Испания мен Грекия бірнеше күннен бері аптап ыстықпен күресіп жатыр.


Италия астанасы Римде сейсенбі күні рекордтық температура – 41 градус ыстық тіркелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Италия #бұршақ #жарақаттанғандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);