AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / IT-университетте бірегей және сұранысқа ие маманды...

IT-университетте бірегей және сұранысқа ие мамандық алуға болады

Әлеумет 12.07.2022, 05:00 1,694
IT-университетте бірегей және сұранысқа ие мамандық алуға болады

Таяудағы жылдары агроөнеркәсіптік секторында IT-мамандарға сұраныс өсетін болады. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) оқуға түсушілерге «Биокомпьютинг» бірегей білім беру бағдарламасын ұсынады.


Сарапшылардың пікірінше, ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу аталмыш саланы дамытудың басым бағыты болып отыр. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешеніндегі (АӨК) бизнес-процестер мен өндіріс айтарлықтай автоматтандырудан өтуде, ал IT-құзыреттілікке ие агрономдар, экономистер, технологтар, биопрепараттарды әзірлеушілер, сондай-ақ жоба менеджерлеріне деген сұраныс артуда. Он жылдан кейін синтетикалық биология саласындағы агрогенетик, биотехнолог, цифрлық агроном, экотехнолог, робототехник, ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторлары және т.б. мамандықтар ауыл шаруашылығында танымал болмақ.



Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенді ауқымды цифрландырудың жолсерігі болатын жоғары білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады.


ХАТУ еліміздің жетекші IT-университеті ретінде биылғы жылы оқуға түсетін талапкерлер мен біліктілігін арттырғысы келушілерге «Биокомпьютинг» бірегей білім беру бағдарламасын меңгеруді ұсынуда. Жаңа білім беру бағдарламасы әлеуетті жұмыс берушілер – агрокәсіпорындардың талаптарын ескере отырып, Адам және жануарлар физиологиясы институтымен ынтымақтастықта әзірленген.



Атап өтерлік жайт, үздік отандық және шетелдік спикерлер мен сарапшылардың қатысуымен оқытылатын білім беру бағдарламалары мен мамандандырылған курстар студенттер арасында, сондай-ақ жаңа құзыреттер алғысы келетін кәсіпқойлар арасында да үлкен танымалдыққа ие. Университетте студенттерге кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға көмектесетін және стартап-идеяға инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін Innovation Center құрылды. Дарынды жастарды қолдау мақсатында ХАТУ жыл сайын теңдесі жоқ Hackday инновациялық идеялар фестивалін өткізеді, ол өткен жылдан бастап орасан зор ITFEST-ке айналып, жаңа серпін алды. Оған еліміздің жетекші компанияларының, оның ішінде АӨК-нің міндеттері мен кейстерін шешу үшін өз IT-идеялары мен жобаларын ұсынатын 3 мыңнан астам адам қатысады.


Білім беру бағдарламалары мен оқуға түсу шарттары туралы толық ақпаратты ХАТУ-да, Манас көшесі, 34/1 мекен-жайы бойынша, сонымен бірге www.iitu.edu.kz сайтынан алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ХАТУ #Биокомпьютинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);