Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ішкі саясат тұрғысынан алғанда өтіп бара жатқан жы...

Ішкі саясат тұрғысынан алғанда өтіп бара жатқан жыл несімен есте қалады?

Әлеумет 31.12.2024, 14:41 680
Ішкі саясат тұрғысынан алғанда өтіп бара жатқан жыл несімен есте қалады?
© Sputnik / Владислав Воднев

 Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram-да ішкі саяси тұрғыда өтіп бара жатқан жыл несімен есте қалғанын жазды.

Реформаларды жалғастыру

Мемлекет басшысының қаңтар айындағы сұхбаты және Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 2024 жылға арналған ішкі саясат саласындағы жұмыстың күн тәртібі мен мазмұнын айқындап берді. Жыл бойы қоғамдық маңызы зор бірқатар заң әзірленді және қабылданды. Қоғамдық петициялар институты іске қосылды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен Орталық Азия елдерінде алғаш рет атом электр стансасын салуға қатысты референдум өтті. Референдум өткізуді талқылау ең ұзақ саяси науқан болды. Ауыл әкімдерінің сайлауы жалғасын тапты. Ономастика, ескерткіш және геральдика, мемлекеттік және қоғамдық награда салаларын ретке келтіру жұмысы басталды. Әлеуметтік-гуманитарлық саладағы мемлекеттік бастамалар дәйекті түрде жүзеге асырылды: «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы, мектептерде тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасы, жас ғалымдарға арналған жаңа гранттар мен тағылымдамалар, жұмысшы мамандардың мәртебесі мен абырой-беделін көтеру. 

Жаңа сын-қатерлерге жауап

Мемлекеттік аппарат сын-қатерлерді және сынақтарды абыроймен еңсерді. Президенттің саясаты бұрын-соңды болмаған халықаралық шиеленіс жағдайында еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға, Қазақстанның егемендігі мен қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етті. Алапат тасқын салдары қысқа мерзімде жойылып, мемлекет барлық зардап шеккен азаматтарға ауқымды көмек көрсетті. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ балалар арасындағы суицидке қарсы күресті үйлестіру үшін жүйелі шаралар қолға алынды. 

Жаңа қоғамдық этика

Жаңа құндылықтардың қалыптасу үдерісі жалғасты. Әділдік, заң мен тәртіп қағидалары мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ұстанымына айналды. Азаматтық қоғам Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанына, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, агрессия мен вандализм, нашақорлық, ойынқұмарлық және ысырапшылдық секілді кеселдерге қарсы күреске белсенді араласты. Әдеп және мінез-құлық нормаларын сақтау халық қызу талқылайтын тақырыпқа айналды. 

Қоғамның жұмыла түсуі

Түрлі тақырыпқа байланысты пікірталастарға қарамастан, жалпы билік пен қоғамның ел болашағына қатысты түсінігі мен көзқарасы ортақ. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жыл соңында өткізген сауалнаманың қорытындысына сәйкес, тұрғындардың 77,7 пайызы мемлекетіміздің даму бағдары дұрыс деп есептейді. Жұрттың қолдауы 2025 жылы да жалғасатын реформалардың берік тірегі болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жыл қорытындысы #Ерлан Қарин #стратегия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.