AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жас...

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Заң мен тəртіп 30.04.2024, 14:40 1,562
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Сурет: интернеттен

Бұдан бұрын су тасқыны жайлы жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салынғанын хабарлағанбыз.


ІІМ өздерін мемлекеттік қызметкерлер деп таныстырып, ел азаматтарына телефон соғатын алаяқтардың жаңа схемасы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, соңғы кездері өтемақы төлеуге үміттенген азаматтарға мемлекеттік органның атынан алаяқтар қоңырау шалып, адамның апаттан зардап шеккендер тізімінде екенін растайтын SMS-хабарламаның кодын талап ету жағдайлары жиілеп кеткен.



"Шын мәнінде, бұл кодтың арқасында алаяқтар жәбірленушінің атына ірі көлемде несие рәсімдей алады, өйткені мемлекеттік органдар мен банктердің қызметкерлері ешқашан телефон арқылы құпия ақпаратты талап етпейді. Жәбірленушілерге өтемақы төлеу мәселелері тек ресми түрде: жеке барған кезде немесе ресми веб-ресурстарды пайдалана отырып шешіледі", - деді Шыңғыс Әлекешев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.



Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі: жеке деректеріңізді, деректемелеріңізді, жарамдылық мерзімін, банк картасының үш таңбалы кодтарын ешкімге жария етпеуді алға тартады. Сонымен қатар, SMS және кодтық құпия сөз түрінде алынған кодтарды ешкімге айтпауға кеңес береді.



"Сонымен қатар күмәнді сілтемелерді басуға болмайды, өйткені сіз телефоныңызға алаяқтарға иесінің атынан банк операцияларын жүргізуге мүмкіндік беретін қауіпті вирус жұқтыруыңыз мүмкін. Полицейлер қырағы болуды, құпия деректеріңізді сақтауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді ұсынады", - деп қосты Шыңғыс Әлекешев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #тасқын #жалған #Ақпарат #алаяқ #ІІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);