AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ирандағы қазақ қызы елдегі қазіргі ахуал туралы ай...

Ирандағы қазақ қызы елдегі қазіргі ахуал туралы айтты

Әлем 23.06.2025, 11:45 1,435
Ирандағы қазақ қызы елдегі қазіргі ахуал туралы айтты
AP Photo / Vahid Salemi

Кеше АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық үш нысанға, атап айтсақ,  Фордо, Натанз және Исфаханға соққы жасаған еді. Салдарынан Иранда бірнеше адам қаза тауып, жарақат алды. Желіде Иранда тұратын қазақ қызының видеосы тарады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Видео журналист Сырымбек Төлеудің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Онда қыз Иранның Каспий теңізіне жақын қаласында тұратынын және онда жағдай тұрақты екенін айтады. 

"Иранда 3 күн интернет өшірулі болды. Қазір ғана қосты. Ешкімге хабарласа алмай, біраз қиналып қалдық. Мұны банктерге хакерлер жұмыс істетпей жатыр екен, бұдан басқа халық дүрлікпесін деп түсіндірді. Біздің қала Каспийге жақын болған соң тыныш. Басқа үлкен қалалардан бізге келіп жатыр. Халық көбейіп кетті. Ешкім үйден шығып жатқан жоқ. Уайымдамаңыздар, бізде бәрі жақсы", - деді ол. 

Еске салайық, 22 маусымға қараған түні АҚШ Иранға қарсы операция жасады. АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ әуе күштері Фордо, Натанзе және Исфаханның ядролық қондырғыларына соққы жасағанын хабарлады. Пентагон басшысы Пит Хегсет Иранның ядролық бағдарламасы жойылғанын мәлімдеді.

Ал бұған дейін Иран Израильге қарсы зымыран соққыларын жіберген еді. Оған қоса Петах-Тиква және Тель-Авив қалалаларындағы көпқабатты ғимараттарға зымыран соққысы жасалғаны айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Иран #АҚШ #ракета #қазақ қызы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);