AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүрі...

Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат беріледі - Президент

Билік 19.06.2022, 09:48 1,024
Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат беріледі - Президент
Сурет: Inform.kz

Қазақстан мен Иран президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz- сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Ибрахим Раисиге ризашылығын білдірді.



«Ең алдымен, бізді ыстық ықыласпен қарсы алғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздің шақыруыңызды зор ризашылықпен қабылдадым. Президент ретінде Иран еліне алғаш рет келіп отырмын. Мен үшін бұл сапардың маңызы ерекше. Бүгінгі келіссөздеріміз екі елдің ынтымақтастығын дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Қазақта «Көрші ақысы – тәңір хақысы» деген сөз бар. Біз – көршімен әрқашан тату болған елміз. Иран – Каспий жағасындағы жақын көршіміз, сенімді серіктесіміз», – деді Қазақстан Президенті.



Мемлекет басшысы елдеріміз арасында дипломатиялық қатынас орнағанына биыл 30 жыл толғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, осы кезең ішінде ынтымағымыз артып, достығымыз нығая түсті.



«Жан-жақты байланысымыз қарқынды дамып келе жатыр. Бұған өзара сенімге негізделген саяси диалогтың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Біздің үкіметаралық, парламентаралық және іскерлік кеңестеріміз бар. Сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз кедергілерге қарамастан, жылдан-жылға артып келеді. Биылғы бірінші тоқсанда сауда-саттық 50 пайызға артты. Ендігі мақсат – осы қарқынды тоқтатпай, барынша көбейту. Оған біздің әлеуетіміз жетеді. Мен сіздің өзара серіктестікті дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қарым-қатынасымызды дамытуға бар күш-жігерімді жұмсауға әзірмін», – деді Мемлекет басшысы.



Қасым-Жомарт Тоқаев осы сапарының аясында маңызды шешімін жариялауға ұйғарым жасағанын айтты.



«Біз Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат береміз. Бұл түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, іскер топ өкілдерінің байланысын жандандырады. Барыс-келіске тың серпін беріп, туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Иран кәсіпкерлері осы жеңілдікті кеңінен қолданады деп сенемін», – деді Қазақстан Президенті.



Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси Қасым-Жомарт Тоқаевқа ілтипат көрсетіп, шақыруын қабыл алғаны үшін алғыс айтты.



«Біз алғаш рет Душанбе саммитінде кездескен едік. Сізбен екінші рет Тегеранда жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздің Президент ретінде келген бұл сапарыңыз екіжақты қарым-қатынастарымыздың дамуына тың серпін беретін ұлы бетбұрыс боларына сенімдімін», – деді Иран Президенті.




Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/iran-azamattarynyn-kazakstanda-14-kun-vizasyz-zhurip-turuyna-ruksat-beriledi-prezident_a3946064

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Иран #Тоқаев #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);