AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Иран АҚШ-пен келіссөзге өз шарттары толық орындалғ...

Иран АҚШ-пен келіссөзге өз шарттары толық орындалғанда ғана баратынын мәлімдеді

Әлем 26.03.2026, 12:11 235 Дина
Иран АҚШ-пен келіссөзге өз шарттары толық орындалғанда ғана баратынын мәлімдеді

Тегеран АҚШ-пен қақтығысты тоқтату мәселесі Иран ұсынған талаптар толық қабылданған жағдайда ғана талқыланатынын мәлімдеді. Мұндай талаптардың қатарында соғысты тоқтату, қайта шабуыл жасамауға кепілдік беру және әскери шығын үшін өтемақы төлеу бар, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Иран билігі АҚШ-пен қақтығысты тоқтату бойынша ұсынылған нұсқаны қабылдамай, келіссөздер тек Тегеран ұсынған талаптар толық орындалған жағдайда ғана басталатынын мәлімдеді. Ресми ұстанымға сәйкес, Иран өзіне тиімді әрі нақты кепілдіктерсіз бітімге келуге ниетті емес.

Тегеранның басты талаптарының бірі – қарсы тараптың әскери әрекеттерін және адам шығынына әкелетін шабуылдарды толық тоқтату. Сонымен бірге Иран ел аумағында соғыстың қайта тұтануына жол бермейтін нақты тетіктердің жасалуын талап етіп отыр.

Бұдан бөлек, Иран әскери шығын үшін өтемақы мен репарация төлеуге кепілдік берілуін міндетті шарттардың бірі ретінде қарастырады. Сондай-ақ ресми Тегеран аймақтағы барлық бағытта соғыстың толық тоқтатылуын және Ормуз бұғазына қатысты егемен құқықтарының мойындалуын талап етуде.

Иран тарапы бұл талаптар толық қабылданбайынша келіссөздер басталмайтынын ашық айтты. Сонымен қатар, ирандық шенеуніктер қорғаныс сипатындағы әскери операциялар әзірге жалғасатынын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);