AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Инвестициялық келісімдерді жүзеге асыру: Roca Grou...

Инвестициялық келісімдерді жүзеге асыру: Roca Group санитарлық-техникалық өнім шығаратын зауыт құрылысын биыл қазан айында бастайды

Экономика 11.09.2026, 13:30 252
Инвестициялық келісімдерді жүзеге асыру: Roca Group санитарлық-техникалық өнім шығаратын зауыт құрылысын биыл қазан айында бастайды
Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Roca Group» компаниясының өкілдерімен Қызылорда облысында санитарлық-техникалық өнім өндіру және құрастыру жөніндегі жоғары технологиялық зауыт салу жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесті.

Roca Group — санитарлық-техникалық бұйымдар мен оған қатысты жабдықтарды өндіретін әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. 

Жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды. 2025 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Roca Group басшылығымен кездесуі барысында  инвестициялық жобаны жүзеге асыру қағидаттары туралы негіздемелік келісімге қол қойылды. 

Кейінгі кезеңде жоба одан әрі дамыды, компанияның инвестиция көлемі бастапқыда мәлімделген 70 млн еуродан 83 млн еуроға дейін артты.  Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қызылорда облысының әкімдігі және инвестор арасында қажетті мемлекеттік қолдау шараларын көздейтін Инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. 

Қазіргі уақытта болашақ зауыттың дизайны мен эскиздік жобасын әзірлеу аяқталды, оны одан әрі жобалау жалғасуда. Сонымен қатар Қызылорда облысында инсталляциялық жүйелер мен араластырғыштарды құрастыру өндірісін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 500 мың дана деңгейінде болады деп жоспарланған, сонымен қатар келешекте өндіріс көлемін 1 млн данаға дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылған. Жоба аясында шамамен 300 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Өнім Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіліп, Орталық Азия елдеріне экспортталады.

Кездесу барысында жобалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өткізу, санитарлық-техникалық өнімдер саласындағы нормативтік базаны жетілдіру, Roca өнімдерінің ел аумағында салынып жатқан және жүзеге асыру жоспарланған нысандарда қолданылуын қамтамасыз ету мәселелері де қаралды.

Нұрлыбек Нәлібаев зауытты уақтылы іске қосудың және отандық тауар өндірушіге жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға инвесторды сүйемелдеу, мемлекеттік сараптамадан жедел өтуін қамтамасыз етуді және зауыт құрылысын 2026 жылғы қазан айында бастауды тапсырды.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инвестиция #зауыт #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);