AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Инвестиция. Инновация. Ынтымақтастық

Инвестиция. Инновация. Ынтымақтастық

Әлеумет 08.10.2024, 10:44 815
Инвестиция. Инновация. Ынтымақтастық
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев АҚШ-тың бизнес-миссия делегациясымен кездесті

Алматы әкімі Ерболат Досаев АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия істері жөніндегі аға вице-президенті Куш Чокси мырза бастаған АҚШ бизнес-миссия делегациясымен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Chevron Corporation, Citibank, Global Data Risk, John Deere, Mayer Brown, Wolt, Medtronic, VISA және т.б. ірі халықаралық компания өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және инновациялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері талқыланды.

Қала басшысы азық-түлік өндірісі, цифрлық технология, қаржы қызметі, туризм және қызмет көрсету сынды көптеген саланы қамтитын АҚШ-пен стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. 2024 жылы Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы шамамен 680 млн. АҚШ доллары болды. Қазір қалада америкалық капиталдың қатысуымен 343 кәсіпорын жұмыс істейді, бұл сауда байланысын одан әрі кеңейтуге септігін тигізеді.

Кездесуде талқыланған маңызды тақырыптың бірі қаланың инфрақұрылымы мен логистикалық мүмкіндіктерін дамыту, сондай-ақ Алматы мен Нью-Йорк арасындағы тікелей әуе рейстерін ашу арқылы елдер арасындағы экономикалық және мәдени байланысты нығайтудың маңыздылығы сөз болды.

Кездесу соңында Ерболат Досаев барлық қатысушыға алғыс білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі табысты дамитынына сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #АҚШ #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);