AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Интернет-алаяқтар азаматтарды 250 млн теңгеге алда...

Интернет-алаяқтар азаматтарды 250 млн теңгеге алдады: куратор мен дропперлер ұсталды

Заң мен тəртіп 11.06.2025, 12:02 717 dulatbekova
Интернет-алаяқтар азаматтарды 250 млн теңгеге алдады: куратор мен дропперлер ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысында полицейлері шамамен 250 млн теңге көлемінде залал келтірген ауқымды интернет-алаяқтық схемасын әшкереледі.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстық киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында әрекет еткен қылмыстық топтың күдікті ұйымдастырушысы мен үш сыбайлас дропперді ұстады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 – Ұйымдастырушы небәрі 19 жаста, Алматы облысының тұрғыны. Тергеу мәліметінше, ол қылмыстық схемаға 2023 жылдың қазан айынан бері қатысқан. Алдымен қарапайым дроп ретінде бастаса, 2024 жылдың маусымынан бастап дропперлерді басқаруға көшкен. 2025 жылдың қаңтарынан бастап куратор ретінде әрекет етіп, үш дропперді басқарып келген, – деп хабарлады полицияда.

Ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қаскөйлер 50-ден астам жалған тұлғаға рәсімделген банктік қосымшалары бар 30-дан астам мобильді құрылғыны пайдаланған. Сондай-ақ ноутбук, Ресей байланыс операторларына тиесілі 11 SIM-карта және шетелдік қаржы ұйымдарының банктік карталары тәркіленді. Алдын ала есептеулер бойынша, куратор қылмыстық әрекет барысында шамамен 10 миллион теңге табыс тапқан, ал оның сыбайластарының әрқайсысы – 3 миллион теңгеден. 2025 жылдың қаңтарында қарапайым дроп ретінде жұмысын бастаған дропперлердің бірі кейін куратордың сенімді көмекшісіне айналған. Ол тек ақшаны шешіп қана қоймай, банк есепшоттары бұғатталған жағдайда басқа дроптарды банктерге ертіп барған. Қылмыстық схемаға қатысы бар барлық тұлға ұсталып, Алматы облыстық полиция департаментіне жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. 

– Барлық қатысушы мен олардың әрекеттері нақты анықталғаннан кейін банктерге алаяқтық эпизодтарын тіркеу және келтірілген залал сомасын дәл анықтау үшін санкцияланған сұраулар жолданатын болады, – деп қорытындылады тәртіп сақшылары.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Интернет-алаяқтық #Алматы облысы #схема әшкерелеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);