AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Инклюзивті білім беру жөніндегі» Алматы деклараци...

«Инклюзивті білім беру жөніндегі» Алматы декларациясы талқыланды

Барлығы 15.10.2025, 16:37 613 yakiya
«Инклюзивті білім беру жөніндегі» Алматы декларациясы талқыланды
интернеттен
 
Алматыда өтіп жатқан Инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы Дүниежүзілік конгресс (World Inclusion Congress – WIC 2025) аясында «Инклюзивті білім беру жөніндегі» Алматы декларациясы талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
«Бұл декларация – адами капиталды дамыту, әлеуметтік бірлікті нығайту және заманауи технологиялар арқылы жаңа мүмкіндіктер ашу үшін нақты бағдар. Қазақстан тарапынан ұсынылған декларация әр баланың әлеуетін толық ашуға бағытталған. Біз «Білім – баршаға» қағидаты аясында инклюзивті білім беруді қажет ететін тұлғалардың сапалы және тең қолжетімді білім алуын қамтамасыз ететініне сенеміз. Инклюзивті білім беру – біздің құндылықтарымыздың және болашаққа құрылған сеніміміздің айнасы. Ол әділетті, қамқор және баршаға ашық мемлекеттің негізі болып табылады», – деді Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.
 
Алматы декларациясында ұлттық үкіметтерге, білім беру ұйымдарына және халықаралық қауымдастыққа арналған ұсыныстар қамтылған. Олардың қатарында:
​•​білім алмасу және тәжірибе тарату платформаларын құру;
​•​бірлескен жобаларды дамыту және қолдау;
​•​дамушы елдерге көмек көрсетуді кеңейту;
​•​әртүрлі салалар арасындағы серіктестікті нығайту;
​•​корпоративтік және халықаралық ұйымдарды тарту;
​•​инклюзивті білім беру бойынша мониторинг пен есеп беру механизмдерін енгізу бар.
Алматы декларациясы қатысушылардың қолдауымен бір ауыздан мақұлданды. Ол Конгресс ұстанымын бейнелейтін құжат ретінде ЮНЕСКО-ға жолданады және инклюзивті білім беруді дамыту бойынша елдердің саясаттарын қалыптастыруда пайдалану үшін қатысушы мемлекеттер арасында таратылады.
 
Бұл Қазақстанның инклюзивті білім беруді жаһандық деңгейде ілгерілетуге қосқан маңызды үлесі. Ол халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, жаңа серіктестіктер орнатуға және әрбір баланың әлеуетін ашуға бағытталған бірегей бастама болып табылады.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#инклюзив #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);