Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Инклюзивті Алматы: мегаполисте кедергісіз орта құр...

Инклюзивті Алматы: мегаполисте кедергісіз орта құру үшін қандай шаралар жүргізілуде

Әлеумет 13.03.2024, 04:29 843
Инклюзивті Алматы: мегаполисте кедергісіз орта құру үшін қандай шаралар жүргізілуде
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Инклюзивті қала қағидатын енгізу әрі Алматының сапалы инфрақұрылымын дамыту қалалық әкімдіктің әрі біздің, яғни барлық аудандық әкімдіктердің басты міндеті болып табылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі Кеңестің бірінші отырысында айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Қала басшысы орталықсыздандыруды ескере отырып, осы бағыттағы оң өзгерістерді атап өтті – аудан әкімдері инклюзивті орта құру үдерісіне белсенді енгізілді. «Біз одан әрі орталықтандыруды жалғастырамыз, мен өкілеттіктермен, жауапкершілікпен және қаржылық ресурстармен бөлісуге дайынмын. Өткен жылы аудан әкімдеріне берілген өкілеттіктер қазірдің өзінде нәтиже көрсетті. Біз өз алдымызға өршіл мақсат қойып отырмыз, яғни 2030 жылға дейін қала тұрғындарына қолжетімділік қажет болатын барлық қалалық инфрақұрылым нысандарының одан әрі бейімделуін паспорттауды қамтамасыз ету, биыл алғашқы қадамдар жасағымыз келеді. Бізде қажетті қаржы ресурстары бар», — деп атап өтті Ерболат Досаев.



«Мен Алматы қаласының қаржылық инклюзия жөніндегі штаттан тыс кеңесші институтын біршама жетілдірдім. Біз арнайы жобалық команда құрдық. Енді осы бағытта қарқынды жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар, дәл осындай байланыстырушы буын жетіспеді»,  -  деп толықтырды сөзін қала әкімі.




Естеріңізге сала кетейік, қалалық инфрақұрылым нысандарын паспорттау алғаш рет Алматыда жүргізілуде. 2023 жылы 7,5 мың нысан қамтылды. Әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеуді, атап айтқанда, емханаларда, ауруханаларда, ХҚКО-ларда пандустар, қосалқы тұтқалар, тактильді плиталар орнатуды 2025 жылдың соңына дейін жүргізу жоспарлануда. Келесі жылдың соңына қарай Алматыда әлеуметтік нысандардың 30%-ы мүмкіндігі шектеулі жандарға, ал 2030 жылға қарай қалалық нысандардың 75%-ы бейімделеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инклюзив #Инклюзивті ортаны дамыту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.