ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Инженерлік мамандықтарға мемлекеттік қолдау күшейд...

Инженерлік мамандықтарға мемлекеттік қолдау күшейді

Әлеумет 08.08.2025, 11:37 603
Инженерлік мамандықтарға мемлекеттік қолдау күшейді
Сурет видео скрині
Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында экономикада сұранысқа ие салалар бойынша мамандар даярлауға ерекше назар аударылып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі...

Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында экономикада сұранысқа ие салалар бойынша мамандар даярлауға ерекше назар аударылып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

Оның айтуынша, биыл мектепті 216 мың түлек тәмамдап, жоғары білімге қадам басты. Сүйінші жаңалық — дәл осы жылы бөлінген мемлекеттік білім беру гранттарының 60%-дан астамы инженерлік және техникалық мамандықтарға бағытталған. Жалпы бакалавриат деңгейінде 78 мыңға жуық грант, ал магистратура мен докторантураға 93 мыңнан астам грант бөлінген. Ең жоғары сұранысқа ие үш бағыт бойынша: педагогикаға — 13 мың, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектке — 11 мың, ал инженерлік салаға — 18 мыңнан астам грант бөлініп отыр.

Министр атап өткендей, биылдан бастап сирек және қажетті мамандықтарға — ветеринария, энергетика, су шаруашылығы, ирригация, гидротехнологиялар секілді салаларға өңірлік квоталар енгізілді. Бұл квоталар енді әр өңірдің нақты экономикалық қажеттілігіне сай бөлінеді. Мысалы, былтыр ашылған Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті биылдан бастап қолдау ретінде осы бағыттағы арнайы квоталарды алып отыр.

Жаңа енгізілген маңызды бастамалардың бірі — әскери борышын өтеп келген азаматтарға арналған білім беру гранттары. Қорғаныс министрлігімен бірлескен жұмыстар нәтижесінде биыл тұңғыш рет әскери борышын өтеген жастарға 2 мыңға жуық грант бөлінді. Бұл шара азаматтарды әскери қызметке ынталандыру мақсатында қолға алынды.

Сонымен қатар, ата-анасынан айырылған жетім балалар мен әлеуметтік осал топтардан шыққан талапкерлер үшін де арнайы квоталар қарастырылған. Тағы бір жағымды жаңалық — биыл «Серпін» бағдарламасы аясында бұрын-соңды болмаған нәтиже тіркелді: гранттардың 83%-ы игерілді. Бұл көрсеткіш бұған дейін 40–50% деңгейінде болған болса, былтыр 67%-ға жеткен еді. Қазір бағдарлама аясында жастар еліміздің 9 өңірінде білім алып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.