Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Инфрақұрылымы жоқ көмір жеткізушілер нарықтан шыға...

Инфрақұрылымы жоқ көмір жеткізушілер нарықтан шығарылады

Әлеумет 30.03.2023, 17:45 1,126
Инфрақұрылымы жоқ көмір жеткізушілер нарықтан шығарылады
Сурет: ашық дереккөз

Отандық көмір нарығы бойынша жол картасы әзірленді. Ол бойынша көмір жеткізушілерге бірнеше талап қойылып отыр. Толығырақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов баяндап берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Көмір нарығында делдалдар рөлінің басымдығын байқап отырмыз. Оның соңы баға өсіміне алып келеді. Сонымен қатар өндірушілер мен жеткізушілерде көмір тасымалы бойынша проблемалар бар. Айта кетсек, халыққа көмір жеткізуде вагондардың аздығы мәселесі өткір тұр», - деді Рустам Ахметов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, көмір нарығында әзірленген жол картасы арқылы көтерме-бөлшек жеткізушілерге қойылатын талаптарды белгілеу көзделіп отыр.



«Біз нарықтан инфрақұрылымы жоқ делдалдарды алып тастауды мақсат етіп отырмыз. Тауар биржалары арқылы көмір өткізу арақатынасын реттемекпіз. Яғни көмір жеткізушілер үшін оны өндіруші компаниялардың шикізатына тікелей қол жеткізу мүмкіндігі артады. Көмір нарығында шоғырлануды төмендету жағы да қарастырылып жатыр. Мұнда ірі көмір кен орындарын бірлесіп пайдалану және көмір өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру жөніндегі мәмілеге келуді ұсынамыз», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#көмір #жеткізуші #Бәсекелестік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.