AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен ҰҚШҰ-ның биыл...

Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен ҰҚШҰ-ның биылғы алғашқы отырысы өтті

Саясат 10.01.2023, 15:00 1,507
Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен ҰҚШҰ-ның биылғы алғашқы отырысы өтті
Сурет: Ашық дереккөзі

Сейсенбі күні Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Тұрақты кеңесінің отырысы барысында ұйымның жаңа бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтың айтуынша, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен Ұйымның Бас хатшысы қызметіне тағайындалған Иманғали Тасмағамбетовті Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің (ҚҚКК) төрағасы, Беларусь Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович таныстырды.



«Осы жоғары лауазымға Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовтің кандидатурасын Қазақстан басшылығы ұсынды және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2022 жылғы 23 қарашадағы шешімімен мақұлданды. Ол 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін үш жыл қызмет етеді», - деді Қауіпсіздік Кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович.



Ол И.Тасмағамбетовтің әр жылдары Қазақстан Республикасында түрлі мемлекеттік қызметтер атқарғанын атап өтті.


Тұрақты кеңес мүшелері мен Бас хатшылардың орынбасарлары, Біріккен штаб бастығы және ҰҚШҰ хатшылығының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары алдында сөйлеген сөзінде И.Тасмағамбетов өзінің ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындалуы – ол үшін үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік екенін айтты.



«ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларына Ұйымның жұмыс құрылымын басқаруға сенім білдіргені үшін алғысымды білдіргім келеді. Әлем үлкен геосаяси сынақтардың куәсі болып отыр, өте күрделі саяси, экономикалық және басқа да проблемаларды шешуге тура келеді. ҰҚШҰ алдында одан кем емес күрделі міндеттер тұр. Осы сын-қатерлер мен проблемалардың барлығы біздің Ұйымның шешуші рөліне, оның беделі мен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тетігі болу қабілетіне әсер етеді», - деді жаңа бас хатшы.



Бұған дейін хабарланғандай, Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы лауазымына тағайындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰҚШҰ #Тасмағамбетов #жиын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);