AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетті

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетті

Әлеумет 10.04.2023, 21:01 1,087 Almaty-akshamy
Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетті
Сурет: Ашық дереккөз

Федерацияның жаңа президенті Қазақстанда гольфты дамытумен және насихаттаумен айналысуға ниетті


"Қазақстан гольф федерациясының" жаңа президенті болып Иманғали Тасмағамбетовтің орнына кәсіпкер Берік Қаниев тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz El.kz-ке сілтеме жасап.


Берік Қаниев – қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері. Ол "Lancaster Group Kazakhstan" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ білім беру, спорт және экология саласындағы бірқатар әлеуметтік жобалардың құрылтайшысы. Олардың қатарында "Jas Qyran" футбол орталығы, Республикалық физика-математика мектебі, Физмат Эндаумент қоры және "Air Vision" экофонды бар. Сондай-ақ, меценат ретінде "IQanat" және "Аналар Үйі" жобаларын қаржыландырады.


Федерацияның жаңа президенті Қазақстанда гольфты дамытумен және насихаттаумен айналысуға ниетті. Сонымен қатар, осы олимпиадалық спорт түріне жастарды тарту үшін балалар мен жасөспірімдер гольфін дамытуды жоспарлап отыр.


Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып былтырғы жылдың мамыр айында сайланған. Ол бұған дейінгі басшысы Нұртай Әбіқаевты алмастырған.


Елімізде гольф федерациясы 2006 жылы құрылған. Содан бері спорттың осы түрінен астанада гольф клубы ашылып, «Ambassador'sCup» турнирі өткізіле бастаған. Оған Қазақстанның саяси қайраткерлері, шетелдік бизнес-қауымдастықтың және елімізде тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тасмағамбетов #қызмет #Гольф
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);