AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Imanbek әйгілі британдық Def Leppard тобымен трек...

Imanbek әйгілі британдық Def Leppard тобымен трек шығарды

Мәдениет 28.04.2023, 16:49 1,808
Imanbek әйгілі британдық Def Leppard тобымен трек шығарды
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық музыкант, диджей, Грэмми сыйлығының иегері Imanbek белгілі британдық топпен бірлесіп жаңа ән шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«Бұл коллаборация заманауи ремейкте классикалық металл-бэнгер жасауға көмектесті. Бүгінде әлемдік рок тарихындағы ең танымал композициялардың бірі жас буын арасында екінші рет, жаңа мәнге ие болады», - деп атап өтті Иманбек Зейкенов.



Жаңа музыкалық туынды эклектиканы жаңа деңгейге көтеріп, стильдердің үйлесімін ғана емес, дәуірлерді де біріктірді. «Pour Some sugar On Me» бүгіннен бастап барлық платформаға шықты.


Классикалық роктан слэп-хаусқа extended нұсқамен біртіндеп ауысу және jayover ремиксі жаңа тректің осы көктемдегі ең сұранысқа ие би фонограммаларының тізіміне сенімді түрде қосылуына мүмкіндік береді.



«Біз үшін қазақ талантымен бірлесіп жұмыс істеу керемет тәжірибе болды. Тыңдаушылардың ең сүйікті синглдерінің бірі музыкадағы жаңа ұрпақ пен трендтің символы бола алатынына үміттенеміз», - дейді Def Leppard.



Айта кетсек, Def Leppard – 1977 жылы құрылған әйгілі рок тобы.1995 жылы бір күн ішінде 3 континентте өнер көрсеткен жалғыз орындаушы топ ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енді. «Pour Some sugar On Me» сингліне түсірілген бейнеклип АҚШ-та 2-орынға ие болды, рекордтық 73 күнде MTV арнасында 1-орынға ие болды. Сонымен қатар, 2006 жылы «80-жылдардағы ең керемет 100 ән» рейтингінде VH1 арнасында 2-орынға көтерілді.


Еске салайық, қазақстандық музыкант Imanbek 2021 жылы SAINt JHN-ның «Roses» әніне жазылған ремиксімен Grammy сыйлығын жеңіп алды.


Ал, былтыр Imanbek-тің туындысы 1 млрд мәрте тыңдалғаны үшін Spotify сыйлығына лайық танылған болатын.


Одан бөлек, Иманбек Зейкенов GQ журналының «Жыл жаңалығы» аталымында марапатталды.


Imanbek-тің «Pour Some sugar On Me» жаңа трегін осы сілтемеден тыңдауға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Imanbek #Грэмми #бірлескен ән
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);