ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Илон Маск емес: әлемдегі ең бай адам аталды

Илон Маск емес: әлемдегі ең бай адам аталды

Мұны білген жөн 11.09.2025, 11:27 779
Илон Маск емес: әлемдегі ең бай адам аталды
shutterstock
Бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеумен айналысатын Oracle компаниясының басқарушылардың бірі Ларри Эллисон Bloomberg миллиардерлер рейтингінде бірінші орынға шықты. Ол Tesla мен SpaceX негізін...

Бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеумен айналысатын Oracle компаниясының басқарушылардың бірі Ларри Эллисон Bloomberg миллиардерлер рейтингінде бірінші орынға шықты. Ол Tesla мен SpaceX негізін қалаған Илон Маскты басып озды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz РБК-ға сілтеме жасап.

Эллисонның байлығы 393 миллиард долларға, ал Масктікі 385 миллиард долларға жеткен.

"Эллисонның күрт жоғарлауы бір күнде капиталының 101 миллиард долларға өсуі себеп болды - бұл Bloomberg рейтингін жүргізу тарихындағы ең ауқымды өсім", – делінген материалда.

Bloomberg агенттігінің тізімінде Маск шамамен бір жыл бойы бірінші орында тұрған еді. Ол алғаш рет 2021 жылы көш бастаған, бірақ кейіннен Amazon негізін қалаушы Джефф Безос пен LVMH иесі Бернар Арноға жол берген. Қазір олар сәйкесінше төртінші және сегізінші орында.

Шілдеден бастап Эллисон Meta басшысы Марк Цукербергті артта қалдырып, Bloomberg рейтингінде екінші орынға жайғасқан болатын.

Forbes журналы да Эллисон байлығының өскенін (102 миллиард доллар немесе жалпы капиталының шамамен 35 пайызы) атап өтті, оның жалпы байлығын 395 миллиард доллар деп бағалайды. Алайда Forbes рейтингінде Маск әлі де бірінші орында тұр, оның байлығы 437 миллиард долларға бағаланған еді.

Эллисон байлығының өсуіне Oracle акцияларының күрт қымбаттауы әсер етті. Компанияның қаржы есебінен кейін оның бағалы қағаздары бір жыл ішінде 45 пайызға өсіп, 9 қыркүйекте тарихи максимумға жеткен, ал сәрсенбіде тағы 41 пайызға көтерілді.

Сондай-ақ компания АҚШ президенті Дональд Трамп қаңтарда жариялаған Stargate жасанды интеллект инфрақұрылымын құру жобасына қатысып отыр. Эллисон Республикалық партияны қолдайды.

Анықтама: Ларри Эллисон – 81 жаста. Ол Oracle-ды 1977 жылы Боб Майнер және Эд Оутспен бірге құрған. Компанияны 37 жыл басқарғаннан кейін, 2014 жылдың қыркүйегінде бас директор қызметінен кетіп, директорлар кеңесінің төрағасы және техникалық директор болды. Ол Oracle акцияларының 40 пайыздан астамына ие. Сонымен бірге ол Paramount Skydance компаниясының шамамен 50 пайызына иелік етеді (оның бас директоры – ұлы Дэвид). 2018–2022 жылдары Tesla директорлар кеңесінің мүшесі болған, қазір де компанияның акцияларына иелік етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.