ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Іле-Алатау ұлттық паркінде өрттің алдын алатын 1 2...

Іле-Алатау ұлттық паркінде өрттің алдын алатын 1 250 рейд жүргізілді

Алматы 21.11.2025, 15:01 321
Іле-Алатау ұлттық паркінде өрттің алдын алатын 1 250 рейд жүргізілді
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен
Алматыда өрт қаупі жоғары маусым 20 қарашада аяқталды. Осыған орай Өңірлік коммуникациялар қызметінде Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары жүргізілген профилактикалық іс-шаралар...

Алматыда өрт қаупі жоғары маусым 20 қарашада аяқталды. Осыған орай Өңірлік коммуникациялар қызметінде Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары жүргізілген профилактикалық іс-шаралар мен ТЖД бөлімшелерімен бірлесіп жасаған рейдтер туралы мәлімет берді.

Орманды қорғау мен өрттің алдын алу инженері Ақниет Сағдолдановтың айтуынша, ұлттық парктегі табиғи өртті сөндіретін техника мен кадр жағы толық қамтылған. Аумағында I және II типтегі станциялар жұмыс істейді, олардың құрамында 4 орман өрт станциясының басшысы, 33 өртсөндіруші-орманшы мен 4 радиооператор бар. Жедел әрекет ету үшін арнаулы техника мен көліктер жұмылдырылған: өрт сөндіретін машиналар, шағын орман сақшысы, тракторлар, су тасымалдағыштар, 34 сақшы автокөлігі мен 131 қызмет жылқысы бар. Жанармай қоры мен құрал-жабдық та жеткілікті.

Профилактика аясында 2025 жылы мынандай жұмыс істелді:
•    228,5 шақырым көлемінде қарсы өрт жолағы жаңартылып, жөнделді;
•    78 шақырым қарсы өрт белдеуінің шөбі шабылды;
•    110 ақпараттық аншлаг жаңартылып, жаңадан орнатылды;
•    өрт қауіпсіздігі жөнінде 22 870 жадынама таратылды;
•    туристер мен демалушылар арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Алматы мен облыстық ТЖ департаменттері бірлесіп 1 250 рейд өткізді. БАҚ-та орман өртіне жол бермеуге бағытталған 36 материал жарияланды.

ТЖД, құтқару қызметтері, «Қазавиаорманқорғау», «Қазавиақұтқару» мен табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп табиғи өрттерді жою кезіндегі іс-қимылды пысықтауға арналған «Алау-2025» оқу-жаттығуы өткізілді.

«Жыл басынан бері парк аумағында 21 орман өрті тіркелді, өрт шалған аудан 26,9 гектарды құрап, экономикалық шығын 524,4 мың теңге болып бағаланды. Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін 53 адам жауапқа тартылып, айыппұлдың жалпы сомасы 12,8 млн теңгені құрады, оның 8,9 млн теңгеден астамы өндірілді», – деп толықтырды Ақниет Сағдолданов.

Ұлттық парк өкілдері келген-кеткен адамдарды тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.