AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ІІМ заңсыз айналымнан 8,5 тоннадан астам есірткі т...

ІІМ заңсыз айналымнан 8,5 тоннадан астам есірткі тәркіледі

Заң мен тəртіп 10.08.2023, 14:34 1,150
ІІМ заңсыз айналымнан 8,5 тоннадан астам есірткі тәркіледі
Сурет: Polisia.kz

1 маусымнан бастап республика аумағында “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.


Ол есірткіні өсіруге, дайындауға және өткізуге қарсы бағытталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-к сілтеме жасап. 



«Екі айда полицейлер 678 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 299 өткізу фактісі, аса ірі мөлшерде есірткіні сақтаудың 126 фактісі, есірткіні тұтыну үшін притонды ұстаудың 2 фактісі. Заңсыз айналымнан 8,5 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 67 кг героин, 1 тонна 175 кг марихуана, 94 кг гашиш және 23,7 кг синтетика тәркіленді», - деп хабарлады ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.



25 қатысушыдан құралған үш ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды, олардың екеуі – шетел азаматтары. Олардан синтетикалық есірткі өндіруге арналған 72 тоннаға жуық түрлі прекурсор, зертханалық жабдықтар салынған 7 қорап, 40 кг марихуана және 4 кг гашиш тәркіленді. Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында арнайы операция барысында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 183 фактісі анықталды. Қарасора плантацияларын анықтау үшін Ұлттық ұланның тікұшақтары мен Қорғаныс министрлігінің дрондары қолданылып жатыр. Олардың көмегімен 4 есірткі плантациясы анықталды.


Онда қылмыскерлер құрамында тетрагидроканнабинолдың мөлшері жоғары марихуана жасайтын 8 мыңға жуық “үнді қарасорасының” бұталарын өсірген. Елдің солтүстік өңірі де бақылаусыз қалмады. Павлодар облысының полицейлері 67 кг героин мен 10 кг гашиш контрабандасының жолын кесті. Есірткіні шетел азаматы қарбызға жасырып өтпек болған.  4 есірткі зертханасы анықталды, 11 күдікті ұсталды, 2 тонна прекурсор және 22 кг дайын мефедрон тәркіленді. “Қарасора” арнайы операциясы жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарасора #есірткі #заңсыз айналым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);