AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ІІМ ҰҚТ жетекшілері мен белсенді мүшелерін ұстады

ІІМ ҰҚТ жетекшілері мен белсенді мүшелерін ұстады

Заң мен тəртіп 08.02.2024, 04:38 1,446
ІІМ ҰҚТ жетекшілері мен белсенді мүшелерін ұстады
Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді, – деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Олардың криминалдық қызметі туралы дәлелдемелерді жинау арқылы қылмыстық топтардың жетекшілері мен белсенді мүшелерін қоғамнан оқшаулау жөнінде кешенді шаралар қабылданып жатыр.


Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу бойынша 15 факті анықталып, тіркелді. Әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық топтардың 30-дан астам жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды.


Мәселен, 7 ақпанда ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері Алматы қаласында құрамында белгілі “Айшуақ-Жантүгел” ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері бар топты құрықтады. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 14 адам ұсталды. 7 атыс және травматикалық қару, 4 граната, 200-ден астам оқ-дәрі, есірткі заты, сондай-ақ басқа да суық қару тәркіленді. Топ мүшелері кәсіпкерлерге өздерінің криминалдық “қамқорлығын” көрсете отырып, оларды бопсалаумен айналысқаны анықталды. Олар Алматы қаласының темір жол вокзалдары аумағында, сондай-ақ базарларында өз ықпалын жүргізген.



– Ұсталған адамдарға қатысты Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы бопсалау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша бірнеше қылмыстық істі тергеуді бастады, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.



Сол күні полиция күшімен Степногорск қаласында осыған ұқсас ұстау жүргізілді. Жедел жұмыстың нәтижесінде қорқыту және күш көрсету арқылы қаланың тұрғындарын бопсалаумен айналысқан жергілікті криминалитеттің қатарынан тұратын топтың жолы кесілді.



– Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты Ақмола облысы ПД тергеу басқармасы бопсалау фактілері бойынша 6 қылмыстық істі тергеп жатыр. Көрсетілген фактілер бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жарияланбайды, – деді Қуандық Алпыс.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #криминал #ҰҚК #ІІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);