AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / ІІМ референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады

ІІМ референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады

Референдум 13.03.2026, 15:13 362 Дина
ІІМ референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі 15 наурызда өтетін референдум алдында қазақстандықтарды тек ресми ақпаратқа сенуге және жалған хабарламаларды таратпауға шақырды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, мұндай маңызды кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпараттар мен әдейі таратылатын арандатушы хабарламалар жиі кездеседі. Олардың негізгі мақсаты – қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру.

ІІМ өкілдері қазіргі таңда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасаудың бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдегенін атап өтті. Соның салдарынан шындыққа жанасатындай көрінетін, алайда жұртты жаңылыстыратын материалдар қысқа уақыт ішінде кең таралуы мүмкін.

Министрлік көрінеу жалған ақпарат тарату заң бұзушылық екенін еске салды. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Осыған байланысты қазақстандықтарға заң талаптарын сақтап, тексерілмеген ақпаратты таратпау, ақпараттық мәдениетті ұстану жөнінде үндеу жасалды. Сондай-ақ күмәнді хабарламаларды көрген жағдайда оны өзгелерге жібермеу қажеттігі айтылды.

ІІМ референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз ететінін мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып, заң аясында қатаң қаралады.

«Сондықтан тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер», – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);