AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ІІМ жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады

ІІМ жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады

Әлеумет 03.01.2025, 20:32 774
ІІМ жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады
Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушыларға ауа райының қолайсыздығына байланысты маңызды үндеу жолдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Құрметті жол жүрісіне қатысушылар!

Ауа райы нашарлаған сайын жолда жүру қауіпсіздігі маңыздырақ бола түсуде. Көктайғақ, боран, қар немесе тұман жағдайында жолға шығу қауіпті. Мұндай жағдайда ұзақ сапарлардан бас тартуға кеңес береміз. Өз және өзгелердің өмірін қатерге тігіп, қиындыққа тап болмау үшін, ауа райының жақсаруын күткен жөн.

Егер жолға шығу қажет болса, келесі кеңестерді есте сақтаңыз:

  • Жылдамдықты азайтыңыз.
  • Қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз.
  • Басып озудан және жылдам жүрістен аулақ болыңыз.
  • Мүмкіндігінше жақын маңдағы елдімекенге немесе қауіпсіз жерге тоқтаңыз.

Жол қызметтері, полиция және құтқару бөлімшелері тәулік бойы жұмыс істейді және кез келген жағдайда көмек көрсетуге дайын. Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу көмекке жүгініңіз.

Сонымен қатар, ауа райына байланысты жолдағы шектеулер мен ережелерді сақтаудың маңыздылығын ескертеміз. Шектеулерді бұзу өзіңізге де, басқаларға да қауіп төндіреді. Заң бұзушылар жауапқа тартылады.

Сіздің қырағылығыңыз бен жауапкершілігіңіз – өз үйіңізге аман-есен оралуыңыздың кепілі. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #қауіпсіздік #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);