Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ІІМ жол ережесін бұзғандарға жеңілдікті алып таста...

ІІМ жол ережесін бұзғандарға жеңілдікті алып тастауды ұсынды

Әлеумет 18.10.2022, 08:54 993
ІІМ жол ережесін бұзғандарға жеңілдікті алып тастауды ұсынды
Сурет: Тoppress.kz

Түзетулер депутаттардың қарауына жіберілген.


Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін автокөлік жүргізушілерін де, жаяу жүргіншілерді де қатаңдату шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі қатаңдату бөлігінде биыл ғана Әкімшілік кодекстің сегіз бабына өзгерістер енгізілгенін айтты.



«Баптарды қатайттық. Бұл, ең алдымен, жалған нөмірмен, нөмірсіз көлік жүргізуге, сондай-ақ жазатайым оқиғаларға әкелетін жағдайларға арналған. Алдағы уақытта, мәселен, жүргізуші бір жыл ішінде жол ережесін бес реттен артық бұзса, 50 пайыздық жеңілдіктен алып тастаймын. Себебі ол ережені ай сайын бұзады, ал біз оған айыппұл саламыз, бұл оны тәртіпке салмайды, керісінше, жол ережесін бұзуды жалғастырады», - деді Жандос Мұраталиев.



Жол қозғалысы ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге де осындай шара қолдану ұсынылып отыр. Оның айтуынша, қазіргі таңда Астана, Алматы сияқты барлық қалаларда, облыстарда жаяу жүргіншілердің көшеден өтуіне барлық жағдай жасалған. Дегенмен, 50 метр жерде жер үсті немесе жер асты өткелі болса да, жолды дұрыс емес жерден кесіп өтетін жаяу жүргіншілер әлі де бар.



«Бұл жағдайда 2 АЕК көлемінде айыппұл салуымыз мүмкін. Жүргізушілерге қатысты да шара қолданатын шығармыз – егер жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден бірінші рет кесіп өтсе, оған ескертіледі, екінші жағдайда оған әкімшілік айыппұл салынады, үшінші жағдайда айыппұл төлеуге 50% жеңілдік бермейтін шаралар қолданылады», - деді Жандос Мұраталиев.



Мұраталиев қазір тиісті түзетулер ҚР Парламенті депутаттарының қарауына жіберілгенін түсіндірді. Оның пікірінше, жолдардағы тәртіпті тек әкімшілік шаралар ғана қалпына келтіре алады.


Сонымен қатар, Комитет басшысының орынбасары қазір Сауда министрлігі скутерлер үшін әзірлеген стандарт негізінде «Жол қозғалысы туралы» заңға және Жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізіліп жатқанын қосты.


Осыдан кейін скутерлерге де әкімшілік шара қолданылады. Әзірге олар «көлік жүргізушісі» ретінде емес, «басқа жол қозғалысына қатысушылар» ретінде ғана жазаланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІІМ #ереже #айып
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.