конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ІІМ: Іздеуде жүрген 100-ге жуық қылмыскер ұсталды...

ІІМ: Іздеуде жүрген 100-ге жуық қылмыскер ұсталды

Заң мен тəртіп 22.07.2024, 12:12 840
ІІМ: Іздеуде жүрген 100-ге жуық қылмыскер ұсталды
Сурет: Polisia.kz

1-18 шілде аралығында Қазақстан Республикасының аумағында ІІМ жедел қызметтері 97 қылмыскерді ұстады, оның 28-і шет мемлекеттердің сұрауы бойынша.

Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 115 адамның орналасқан жері анықталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматыда іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды. Ер адам көрші мемлекеттің ветеринария және мал шаруашылығын дамыту комитеті бөлген 400 млн теңгеден астам субсидияны жымқырды деп күдікке ілінген. Маңғыстау полицейлері Жаңаөзен тұрғынына дене жарақатын келтірген бұзақыны ұстады. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторларына қамалды. Айта кету керек, қылмыскерлерді іздестіру тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана емес, сонымен қатар халықаралық келісімдер негізінде шет елдерде де жүзеге асырылып, онда іздестіру топтары жіберіледі.

Мәскеу облысының Химки қаласында ресейлік әріптестермен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде қазақстандық азаматтар құрықталды. Олар өткен жылдың қаңтар айында Шымкентте жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. Жәбірленушілердің бірі алған жарақаттарынан көз жұмған. Аталмыш іс бойынша барлық күдіктілер ұсталды. Санкт-Петербург қаласында 36 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2019 жылы семейлік тұрғынды алдап, құны 50 млн теңге болатын бульдозерді иемденген. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының құзырлы органдары ұсталғандарды экстрадициялау туралы мәселені қарастырып жатыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІІМ #іздеудегі қылмыскерлер #жедел қызметкерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Бүгін 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Бүгін 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52

«Алматының туризміне оң әсер етеді»: көрермен Канье Уэсттің концертіне баға берді

Бүгін 21:21

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);