Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ІІМ интернет алаяқтардың мекенжайын анықтауға арна...

ІІМ интернет алаяқтардың мекенжайын анықтауға арналған құрал-жабдықтар алды

Әлеумет 19.05.2022, 05:08 1,119
ІІМ интернет алаяқтардың мекенжайын анықтауға арналған құрал-жабдықтар алды
Сурет: Gazeta.ru

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.


ІІМ криминалдық полиция бөлімшелеріне интернетті бақылау, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қазақстандық пайдаланушыларын (алаяқтарды) анықтау үшін заманауи құрал-жабдықтар мен мамандандырылған бағдарламалық жүйе сатып алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Қазіргі уақытта жауапты мемлекеттік органдар кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция бөлімшелеріне интернетті бақылау, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қазақстандық пайдаланушыларын (алаяқтарды) анықтау үшін заманауи құрал-жабдықтар мен мамандандырылған бағдарламалық жүйені сатып алды», – деді Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының Mudarabah Capital компаниясына қатысты сауалдарына жауап бере отырып. 



Ол өткен жылдың басынан бері Бас прокуратура қылмыстың бұл түріне қарсы нақты шаралар қабылдағанын еске салды.



«Үйлестіру кеңесі өткізілді, ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды, іс-шаралар жоспарлары мен әдістемелік құралдар әзірленді, микрокредиттер беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, типологиясы мен өзара іс-қимыл жоспары қабылданды, қаржы пирамидаларының сыртқы белгілерінің тізбесі анықталды. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған алаяқтыққа қарсы іс-шаралар қабылдау туралы тапсырмасын орындау мақсатында бірлескен шаралар кешені әзірленді. Осыған байланысты Жол картасының тармақтарын жүзеге асыру үшін Бас прокуратура жанынан ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды», – деп қосты Бас прокурор.



Сондай-ақ, оның айтуынша Ішкі істер министрлігінің білікті мамандарын даярлау мақсатында, алаяқтық және қаржы пирамидалары бойынша қылмыстық істерді тергеу тактикасы мен әдістеріне бағытталған арнайы оқыту бағдарламалары әзірленген. 



«Полицияның аумақтық бөлімшелерінде осы санаттағы істерді ашуға және тергеуге маманданған тұрақты тергеу-жедел топтары құрылды. Қаржы мониторингі агенттігі ықтимал қаржылық пирамидаларды ерте анықтау механизмін енгізді», – деді Берік Асылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІІМ #алаяқ #құрал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.