AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ІІМ халықтан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу...

ІІМ халықтан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу бойынша акция өткізеді

Заң мен тəртіп 26.04.2022, 08:12 1,238
ІІМ халықтан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу бойынша акция өткізеді
Сурет: Polisia.kz

Халықтан қаруды сатып алу бойынша акцияның бірінші күнінде полицияға 100-ден астам қару тапсырылды.


Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында ІІМ 25 сәуірден бастап халықта заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты сомасы 10-нан 100-ге дейінгі АЕК көлемінде төлем көзделген. Акцияның алғашқы күні полицияға ерікті түрде 109 атыс қаруы тапсырылды. Соның ішінде 20 шолақ мылтық, 88 тегіс ұңғылы, бір травматикалық және шолақ мылтыққа арналған 3,5 мың оқ-дәрі тапсырылды. Барлық қару-жарақ түрлері ІІМ-нің тіркеуі негізінде тексеріліп, криминалдық сараптамалардан өткізіледі. Қару-жарақ заттарды қабылдау әрбір аумақтық полиция органдарында жүргізілетін болады.



«Жарақаттанудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдармен және оқ-дәрілермен ешқандай іс-қимыл жасамауды, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға тырыспауды, бұл туралы кез келген полиция бөлімшесіне, оның ішінде 102 нөміріне немесе 112 нөміріне телефон арқылы хабарлауды сұраймыз. Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруы, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылудан босатылады», – деді ведомствода.



ІІМ өткізілетін акцияға тұрғындардың қолдау білдіретініне және оған белсенді қатысатынына сенім білдіреді.


Анықтама: Ішкі істер министрлігі 2008 жылдан бастап халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша 11 республикалық акция өткізді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қажетті қаржы бөлінеді. Барлық акциялар барысында (2008, 2012-2015, 2016-2021) халық өтеулі негізде 54 мыңнан астам атыс қаруы мен ойық ұңғылы қарудың 2 млн. астам патрондарын өз еркімен тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қару #акция #сатып алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);