AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ІІМ басшысы журналистерді кәсіби мерекелерімен құт...

ІІМ басшысы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Әлеумет 28.06.2023, 02:31 1,383
ІІМ басшысы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
Сурет: polisia.kz

БАҚ қызметкерлері күніне орай полиция ведомствосында ішкі істер органдарының баспасөз қызметі мен медиа-орталығының қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтіме жасап.



Шараға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен тәуелсіз Қазақстанда жарыққа шыққан «Сақшы» газетінің бірінші бас редакторы марқұм Базарбай Исаевтың жары Құлан Ысқақова қатысты. Сондай-ақ кездесуге онлайн-форматта аумақтық полиция бөліністерінің бастықтары мен өңірлік баспасөз қызметтерінің жетекшілері қосылды.



– Қауіпсіздік кепілі – полиция туралы жазып, көрсетіп, қызметкерлердің ерен еңбегін жұртқа паш етіп жүрген баспасөз қызметінің орнын ерекше атап өткен жөн. Аймақтағы жаңалықтармен бөлісіп, ведомствоның ашықтығын дәріптеп келе жатқан қаншама мамандар бар. Тәртіп сақшыларының имиджін қалыптастыратын да солар. Полиция бөліністерінің баспасөз хатшыларымен етене жақын жұмыс істеп, ішкі істер органдарының беделін арттыруға үлес қосып жүрген медиа-орталық ұжымын да атап өткім келеді, – деді Марат Ахметжанов.



Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ІІМ баспасөз қызметіне ақпарат берудегі жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.  Іс-шара барысында ақпараттық салада жұмыс істейтін бірқатар қызметкер “Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісімен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.



– Қазақтың қоғам қайраткері Міржақып Дулатов айтқандай: «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты». Баршаңызды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Осындағы әрбіріңізге шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін! – деді ІІМ басшысы.



Жиын соңында Марат Ахметжанов мерекеге орай Дархан Қыдырәліге «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін табыстап, «Серт» детектив шығармалар жинағын сыйға тартты. Айта кетейік, ішкі істер органдарының жұмысы туралы баяндайтын «Сақшы» және «На страже» газеттеріне биыл 90 жыл.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #журналистер #құттыұтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);