ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Игорь Чжан "Астана" шабандозы атанды

Игорь Чжан "Астана" шабандозы атанды

Спорт 20.11.2022, 11:57 1,476
Игорь Чжан "Астана" шабандозы атанды
Сурет: Olympic.kz
Топтық жарыс бойынша Азия чемпионы Игорь Чжан алдағы екі маусымда Әлемдік турда өнер көрсететін қазақстандық Astana Qazaqstan Team командасының намысын қорғайды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz...

Топтық жарыс бойынша Азия чемпионы Игорь Чжан алдағы екі маусымда Әлемдік турда өнер көрсететін қазақстандық Astana Qazaqstan Team командасының намысын қорғайды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.



23 жастағы қазақстандық шабандоз елордалық ұжым сапында үш ай тәжірибеден өтіп, төрт жарысқа қатысқаннан кейін "Астанамен" екі жылдық келісімшартқа қол қойды. 



"Мен үшін спорттық мансабымның жаңа әрі өте маңызды тарауы басталады. Әрине, мен Astana Qazaqstan Team командасымен келісімшартқа отырғаныма және Әлемдік турда әлемнің ең үздік шабандоздарымен бас қосып, әлемдік велоспорттың жоғарғы лигасында өз елімнің намысын қорғау мүмкіндігіне қол жеткізгеніме өте қуаныштымын. Оған қоса, әрине, бұл үлкен жауапкершілік. Өйткені алда атқарар жұмыс көп. Команда басшылығына маған сенім артқаны үшін алғыс айтамын. Сенімді ақтауға тырысамын", - деді Игорь Чжан.



Ұлттық құраманың намысын қорғайтын Игорь Чжанның 2022 жылғы маусымдағы басты жетістігі Азия чемпионатының топтық жарысында жеңіске жетуі болды. Сонымен қатар ол Қазақстан чемпионатында "жекелей уақытқа арналған" жарыс бойынша екінші орын иеленіп, бір күндік "Аланья Гран-приінде" жеңімпаз атанды, "Сакария турының" жалпы есебінде үшінші орынға ие болды.


Astana Qazaqstan Team командасында тәжірибеден өту барысында Чжан үш көпкүндік жарысқа (Норвегияның Арктикалық жарысы, Словакия туры және Лангкави туры) және бір күндік жарысқа (Гранд Пьемонт) қатысты. Осы жарыстарда команда көшбасшыларына көмектесумен қатар, Игорь Чжан "Норвегияның Арктикалық" жарысының шешуші таулы кезеңінде 9-шы және "Словакия турының" жалпы есебінде 20-шы нәтиже көрсетті.



"Біз бірнеше жыл бойы Игорь Чжанның нәтижелерін мұқият қадағалап келеміз. Соңғы екі жылда шабандоз алға жылжып, тамаша нәтиже көрсетті. Сондықтан оның біздің командада тәжірибеден өтуі логикалық қадам болды. Игорь Astana Qazaqstan Team сапында бақ сынаған жарыстарда өзін лайықты көрсете білді. Көшбасшыларға жақсы қолдау көрсетті және тәжірибе жинақтады. Бірге атқаратын жұмыс көп. Біздің команданы жас отандық шабандоздарды дамытуға, оларға әлемдік турда, әлемдік велоспорттың басты лигасында өзін көрсетуге мүмкіндік беретін ең жақсы орын деп есептеймін", - деді Александр Винокуров.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.