Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / IFC қалдықтарды басқару жүйесін дамытуда Алматы қа...

IFC қалдықтарды басқару жүйесін дамытуда Алматы қаласын қолдайды

Әлеумет 01.10.2024, 16:00 804
IFC қалдықтарды басқару жүйесін дамытуда Алматы қаласын қолдайды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) өкілдерімен кездесуі барысында Алматыда экологияны жақсартуға және қалдықтарды басқару тиімділігін арттыруға бағытталған әрі қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін реформалау бойынша зерттеудің аралық қорытындылары ұсынылды.

Жаңа бастамалар үздік халықаралық тәжірибелер мен технологияларды ескере отырып, қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін тұрақты инфрақұрылым құруға ықпал ететін болады. IFC негізгі ұсыныстарына қалдықтарды жинау жүйесін қайта құрылымдау және кеңейту, қоқыстарды бөлек жинауды енгізу, қалдықтарды шығару жүйесін оңтайландыру, инфрақұрылымға инвестициялар тарту, қайта өңдеу қуаттарын жаңғырту, механикалық және биологиялық өңдеу, компост қондырғыларын дамыту, заманауи санитарлық полигон салу және т. б.

Зерттеу 2023 жылғы 4 қазанда Алматы әкімдігі мен IFC арасында жасалған меморандум аясында Seureca француз компаниясының IFC (175 мың АҚШ доллары) гранттық қаржы есебінен жүргізіледі. Бұл шаралар Алматыға экологиялық тұрақтылықтың жоғары стандарттарына қол жеткізуге, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.

 

Анықтама:

Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) — бүкіл әлем бойынша экономикалық өсу мен өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін жеке секторды қаржыландыруға және тұрақты дамуға маманданған Дүниежүзілік банк тобының мүшесі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ерболат Досаев #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.