AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексере...

IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)

Спорт 23.12.2024, 18:11 850
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Федерацияның баспасөз қызметі

2024 жылғы Азия чемпионатындағы төрешілікке қатысты даулы жағдайларды тергеуге ресми түрде кірісті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Тайландтың Чиангмай қаласында өткен бұл жарыс барысында төрешілікке қатысты шағымдар айтылып, жарыстың әділдігіне қатысты елеулі күмәндер туындады.

Inside the Games мәліметі бойынша, айыптаулар өзбек боксшыларына жасалған шешімдерге байланысты, бұл жағдайды IBA қазір мұқият зерттеуді бастаған.

Біріншісі – Абылайхан Жүсіпов пен өзбек Хавасбек Асадуллаев арасындағы жекпе-жек болды. Жұдырықтасу кезінде қарсыласы отандасымызды тістеп алған еді. Ол сәтте төрешілер елемеген болатын.

Кейіннен Қазақстан бокс федерациясының шағымынан кейін техникалық делегат Сэйди Даффи істі қайта қарап, Асадуллаевты ережені бұзғаны үшін жарыстан шеттетіп, алтын медаль отандасымызға берілді. Екінші күмәнді жекпе-жек тай боксшысы Сомчай Вонгсуан мен өзбек Адхамджон Мухиддинов арасында өтті. 

Мұнда да өзбек боксшысы күмәнді жеңіске жеткен. Үшіншісі – Санжар Тәшкенбай мен өзбек Шодияржон Меликузиев арасындағы жекпе-жекті де қайта қарайды. Қазақстан бокс федерациясы соңғы раундта Тәшкенбайға қарсы төрешінің негізсіз есеп жүргізуі жекпе-жектің нәтижесіне әсер етіп, жеңісті Меликузиевке бергенін мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Азия чемпионаты #бокс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);