AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «Яшар Догу» турнирінде қазақстандық Ернар Фидахмет...

«Яшар Догу» турнирінде қазақстандық Ернар Фидахметов топ жарды

Спорт 25.02.2022, 03:45 1,765
«Яшар Догу» турнирінде қазақстандық Ернар Фидахметов топ жарды
Сурет: Egemen.kz

Грек-рим күресінің балуандары белдесті.


Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен рейтингілік «Яшар Догу» турнирі басталды. Бірінші жарыс күнінде грек-рим күресінің балуандары белдесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cілтеме жасап. 


55 келіде финалда белдескен Аманғали Бекболатов күміс жүлдегер атанды. Ол ақтық сында түркиялық Адем Бурак Ұзынмен кездесіп, 5:6 есебімен қарсыласқа жол берді.


Осы салмақтағы Марлан Мұқашев қола жүлде үшін күресте қарсыласына жол берді. 


60 келі салмақта қазақстандық Ернар Фидахметов топ жарды. Ол финалда түрік балуаны Экрем Өзтүркті жеңген. Ернардың бауыры Ернұр Фидахметов осы салмақта қола жүлдегер атанды. 


63 келіде ел намысын қорғаған Айдос Сұлтанғали мен Ғалым Қабдыназаров жүлдеге іліккен жоқ. 


67 келідегі Мейіржан Шермаханбет турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды. Ол жартылай финалда норвегиялық Мортен Торренсоннан жеңілген. Сұлтан Әсетұлы мен Данияр Қаленов алғашқы айналымдарда ұтылған. 


87 келідегі Умалт Даудов қола жүлде үшін күресте түркиялық балуанға есе жіберсе, 97 келідегі Умаев та қола медальдан айырылып қалды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cпорт #Күрес #турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);